КӨКТЕМ-2020: БҚО-ДА КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУ БАСТАЛДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындық деңгейін арттыру және халықты көкем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау.

РКШОЖ жоспарын жүзеге асыру бойынша оқу-жаттығудың бірінші күні 2 кезеңге жоспарланған. Бұл – басқару органдарының, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің күштерін функционалды міндеттерін орындауға дайындау және АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің күштерін басқару.
Оқу-жаттығу басшысының орынбасары, БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев орталық атқарушы орган өкілдерінің күш-құралдардың оқу-жаттығуға дайындығының жай-күйі, олар өткізген іс-шаралар туралы баяндамаларын тыңдады. Кеңес «Дабыл-101» сигналы бойынша бірінші кіріспені алған соң басталды.
Кеңес барысында Жасұлан Қыдырғожаұлы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, жою бойынша жедел шаралар қабылдау, орын алған жағдайда шығын көлемін, адам шығынын азайту, төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын арттыру секілді тапсырмаларды берді.
Сонымен қатар қызметкерлердің жауынгерлік дайындығын тексеру мақсатында оқу дабылы бойынша БҚО ТЖД жеке құрамы шығарылды. Таңертең жауынгерлік дайындық күші тексерілді. Оқу дабылы барысында бүкіл жеке құрам, қызметтік куәлік және офицерлердің жетондары, олардың сыртқы келбеті мен дабыл шамадандары, оның жинақылығы тексерілді.
Ертең, 26 ақпан күні АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының қызметтеріне міндеттелген тапсырмалар пысықталатын «Көктем-2020» РКШОЖ-ның практикалық бөлімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу