«КӨКТЕМ-2019»: ОҚУ-ЖАТТЫҒУ БАСТАЛДЫ
Бүгін БҚО-да «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындығы деңгейін арттыру және халықты су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау болып табылады.
РКШОЖ жоспарын жүзеге асыру бойынша оқу-жаттығудың бірінші күні 2 кезеңнен тұрды: басқару органдарының, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің күштерін функционалды міндеттерін орындауға дайындау және АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің күштерін, ҚР Ұлттық ұлан бөлімшелері мен бөлімдерін басқару.
Бірінші күні оқу-жаттығудың басшысы БҚО әкімінің орынбасары Б.Азбаевтың төрағалық етуімен аудандық атқарушы орган өкілдерінің күш-құралдарының оқу-жаттығуға дайындығы, өткізілген іс-шаралар туралы баяндамалары тыңдалды. Кеңес кіріспе «Дабыл-101» белгісі алынған соң басталды.
Оқу-жаттығудың бірінші күні Б.Азбаев тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, жою бойынша жедел шаралар қабылдау, орын алған жағдайда шығын көлемін, адам шығын азайту, төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын арттыру секілді тапсырмалар берді.
Ертең, 27 ақпан күні АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының бағынышты күштеріне міндеттелген «Көктем-2019» РКШОЖ-ның практикалық бөлімі өтеді.
Осы күні таңғы сағат 6-да қызметкерлердің жауынгерлік дайындығын тексеру мақсатында, оқу дабылы бойынша БҚО ТЖД жеке құрамы шақыртылғанын атап өту қажет. Жауынгерлік дайындықты БҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжанов тексерді. Оқу дабылы барысында жеке құрам, қызметтік куәлік және офицерлердің жетондары, олардың сыртқы келбеті мен дабыл шамадандары, оның жинақылығы тексерілді.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печати
Пікір үстеу