8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Желтоқсан 2022 2858 0
Қоғам

Көңілді мұңайтқан қойылым

Тәуелсіздік күніне орай, Жастар шығармашылығы орталығында Серік Асылбековтың «Желтоқсан түні» спектаклі сахналанды. Халық назарына ұсынылған қойылымды Жастар сарайы жанынан ашылған «Ғасыр» жастар театрының жас актерлары сомдады. Қойылылым 1986 жылғы желтоқсанда алаңға шыққан 24 жастағы жүкті келіншек пен 21 жастағы студент Қайсардың сол маңда тұратын тарихшы Баймырзаның үйіне кіріп кетуімен басталады. Әрі қарай оқиға желісі баяндалып, өрби келе зооветеринария институтының профессоры Тимур Қалдыбайұлының билігін аса пайдаланып, Қайсарға қоқан-лоқы көрсетуімен жалғасады. Сондай-ақ, Баймырза ағайдың көршісі Мария Петровна да жиі келгіштеп, желтоқсан оқиғасы туралы әдейі сөзге тартып, студенттерге күмәнмен қарап, ұлтшылдар деген бағытта әңгіме өрбітеді. Оқиға соңында Тимур Қалдыбайұлы желтоқсаншы, жігерлі жас Қайсарды соттауға дейін апарады. Осы тұста көрермен қауым мұңайып, жазықсыз жанды аяп кетеді. Бұл қойылым сол кездегі алаңға шыққан қазақтың қыз-жігіттерінің ел тәуелсіздігі үшін күрескенін паш етеді. Қойылым соңында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов аталмыш спектакль өнерсүйер қауымға ерекше әсер еткенін атап өтіп, облыс әкімінің атынан ықылас гүлін тарту етті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»