8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Наурыз 2021 1303 0
Өзек

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАҚСАРМАСА, ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

16 наурыздағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы жағынан «қызыл» аймаққа өтті. Осы күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі облыстық жеделштабтың отырысы өтіп, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, індетке қарсы вакцинациялаудың жүргізілуі мен мониторингтік топтардың жұмысы талқыланды.

Облыста коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып тұр. Жыл басынан бері 4657 адамнан коронавирустық инфекция анықталған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәліметінше, аурушаңдық жағдайының 70 пайызы – Орал қаласына тиесілі. Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарында да өсу қарқыны тіркелген.

– Эпидемиолог мамандар анықтағандай, үй ошақтарындағы қарым-қатынас арқылы инфекцияны жұқтыру деңгейі жоғары болып тұр. Сондай-ақ қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын орындарда, көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы кезінде, медициналық ұйымдарда болған науқастардың арасында, жұмыста санитарлық талаптардың сақталмауынан инфекцияның таралуы төмендемей отыр. Өзге елден келген азаматтардың арасында да аурушаңдық тіркелді. Індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 2000-дай адам 1 наурыздан бастап медициналық бақылауға алынды, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Індеттің таралуын болдырмаудың амалы ретінде қабылданған санитарлық талаптарды бақылау мақсатында мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. Қала әкімі Абат Шыныбеков шаһар бойынша 22 мониторингтік топ  әсіресе жұма-жексенбі аралығында күшейтілген режимде  бақылау шараларын жүргізетінін жеткізді.

–  Наурыз айы басталғалы кафелер мен мейрамханаларда  11 бұзушылық фактісі тіркелді. Қазір дәмхана-мейрамханалар сағат 00.00-ге дейін жұмыс жасауда. Мониторингтік топтар бақылау шараларын жалғастыра береді. Десе де, өңірдің «қызыл» аймаққа енгенін ескере отырып,  қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс уақытын 22.00-ге дейін қысқартуды ұсынамын,  – деді қала басшысы.

Сондай-ақ көшеде, қоғамдық көліктерде, сауда жасау кезінде маска тақпайтындар немесе дұрыс тақпайтындар жиі кездеседі. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілуі тиістігін, Наурыз мейрамына байланысты демалыс кезінде мониторингтік топтар жұмысы күшейтілуі қажеттігін айтты.

Штаб отырысын қорытындылаған өңір басшысы Ғали Есқалиев Үкіметтің отырысында эпидемиологиялық ахуал кеңінен талқыланғанын және бірқатар тапсырмалар жүктелгенін атап өтіп, атқарылуы тиіс шараларды нақтылады.

–   Бізге түскен ақпарат бойынша білім нысандарында санитарлық талаптарға тиісті деңгейде бақылау жүргізілмей отыр. Кейбір мектептерде сыныптарды дезинфекциялау, мектеп қызметкерлерінің маска киюін сақтау, термометрия шаралары формальді түрде ғана жасалып жүр. Сондай-ақ халық арасында вакцина туралы дұрыс пікір қалыптастыру үшін ақпараттық түсіндірме жұмысы күшейтілуі керек.  Қоғамдық көліктерде санитарлық талаптардың сақталмауы бойынша жұртшылық тарапынан көп ескертулер түсуде.  Жүргізушілер мен кондукторлар  жолаушыларды маскасыз мінгізбеуі  керек. Күн сайын қоғамдық көліктерде мониторинг жүргізілсін және есебі берілсін. Мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып, автобус паркінің иелеріне, талаптарға сәйкес келетіндерге – оларды субсидиямен қолдау туралы шешім жасалуы керек. Егер санитарлық талаптарды  сақтамайтын болса, субсидия бойынша бөлек шешімді қарауымыз керек, – деп түсіндірді Ғали Есқалиев.

Сондай-ақ облыс басшысы Наурыз мейрамына орай мерекелік шараларды онлайн түрде ұйымдастыруды тапсырды. Карантиндік талаптарға байланысты нақты шешім бейсенбі, 18 наурыз күні шығарылмақ. Егер эпидемиологиялық ахуалдың қолайсыздығы жалғаса берсе, шектеу шаралары қатаңдатылады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
134 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
182 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
471 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
481 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
609 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
909 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1001 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1029 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1240 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1506 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1735 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1773 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1921 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2119 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2341 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»