«ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ТҰРАҚТЫ»
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев бүгінгі күнге Батыс Қазақстан облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

БҚО Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігердің мәліметінше, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде тұрақты. 29 наурызда Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекциясының (COVID-19) екі жағдайы тіркелген еді. Екі пациент те облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қажетті емдерін алуда. Коронавирус жұқпасы табылған үйлерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемиялық тексеріс барысында науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Бұл тұлғаларға лабораториялық зерттеу жүргізілді, сараптама нәтижелері теріс. Жалпы жыл басынан бері облыста 280 адамнан коронавирустық инфекцияға сараптама алынған.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясы расталған екі адам жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда. Кумыска кентіндегі провизор госпиталінде 58 адам, Бәйтерек ауданындағы провизорлоқ стационарда ЖРВИ белгілері бар 8 адам, облыстың карантиндік госпиталіне аурумен қарым-қатынаста болған 30 адам жатқызылды.
– Батыс Қазақстан облысының халқы арасында коронавирустық жұқпамен сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы шықты. Қаулыда аудандар мен қала арасындағы байланысқа көптеген шектеулер қойылды. Облыс тұрғындарын қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, барлық сақтық шараларын сақтауларын сұраймыз, – дейді Мұхамғали Арыспаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу