8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2019 1734 0
Қалалықтар қаперіне

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Менеев айтты.

Қазіргі уақытта Орал қаласында алты кәсіпорын жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді. Нақтырақ айтқанда, қалаішілік, қала маңындағы ауылдар және саяжай аумақтары бойынша 41 бағытта автобустар бар.  Жолақы құны – 80 теңге. Бұл 2017 жылдың 1 тамызында көтерілген баға. Бөлім басшысының мәліметінше, негізінен жолақысы – 207 теңге болуы тиіс. Дегенмен, жергілікті бюджет есебінен айырмашылық субсидияланып отырғандықтан, әзірге жолақыны көтеру мәселесі туындап отырған жоқ. Айдар Менеевтің айтуынша, бүгінде тасымалдаушыларға бюджет есебінен 2018-2021 жылға дейін бектілген есеп бойынша 220 млн. теңге шамасында субсидия берілуде. Бұған дейін бірнеше қоғамдық көлікте электронды билет жүйесі енгізілген болатын. Бірақ, шілде айында бұл жүйе тоқтатылды.

– Тасымалдаушылар мен элетронды билет жүйесін қамтамасыз етіп отырған компонияның ортақ байламға келе алмауына байланысты жүйе тоқтатылды. Дегенмен, цифрландыру аясында жұмыс жасап жатқан өзге компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Алдағы уақытта электронды билет жүйесі қайтадан енгізіледі. Өйткені еліміздің барлық қалаларында қоғамдық көліктер 2020-2021 жылдары толықтай электронды билет жүйесіне көшуі тиіс. Бұған дейін 10 мыңға жуық көлік картасы сатылғанын анықтадық. Біздің жаңа компанияға қойып отырған басты талабымыз – осы карталарды қолдану. Яғни, операторлар ауысқанымен, көлік картасын сатып алған жолаушылар зардап шекпейтін болады, – деді Айдар Қазбекұлы.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»