ЭЛЕКТРОНДЫ АСХАНА

Инновациялық технологиялар ғасырында барлық саланы жаппай цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде, білім саласын заманауи жаңғыртудың маңыздылығы зор. Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында оқушыларды тамақтандыру үдерісін автоматтандыру жүйесі іске қосылды.
Орал қаласында алғаш болып іске қосылған электронды асхана жүйесі қазан айынан бастап қолға алынды. Негізгі қолданушылары мектеп оқушылары болғандықтан өте тиімді саналады. Өйткені, асханадағы ас мәзірі мен олардың бағалары терминал экранынан көрініп тұрады. Жаңашылдық арқылы уақыт үнемдеп қана қоймай мемлекеттік қызметтің мөлдірлігіне де көз жеткізесіз. Бүгінде гимназиядағы бастауыш сыныптағы 696 оқушыға карталар толықтай берілген. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың 45 баласы мен 7 сынып оқушылары да аталмыш қызметттің түрін пайдаланады. Жүйенің тиімділігін ниет танытқан кез-келген осы мектептің білім алушысы тұтына алады. Әсіресе, жаңашылдық асхана қызметкерлерінің жұмысын жеңілдеткен.Терминал мектеп ішінде орналасқан. Банк карталарын ата-аналар өздері толтырып отырады. Бұл қызметті екінші деңгейді банк төлемдері арқылы да жүзеге асыруға болады. Айта кету қажет электронды асхана жүйесі қалалық әкімдіктің бастамасымен қолға алынған. Алдағы уақытта Оралдағы өзге білім ошақтары жаңа технология мүмкіндіктерін пайдаланады деп жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу