ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ БҚО-ДАҒЫ СУ КАНАЛДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Варфоломей су қоймасының жағдайымен танысты. Өңірдегі сушылар ведомство басшысына егістіктерге судың жетіспеушілігі мәселесі мен су қоймаларының ахуалы туралы баяндадады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орал қаласынан 440, Қазталов ауданының орталығынан 70 шақырым қашықтықта, «Кіші өзен» өзенінде орналасқан қойма мемлекетаралық мәндегі су торабы болып есептеледі. Қойма Кіші өзен суын Ресейдің Саратов облысы мен Қазақстанның Батыс Қазақстан облысына бөлуге, екі облыстың лимандарына су өзіндік ағынмен берілуі үшін су тірегін құруға арналған.
Ал Үлкен өзен бойынша Ресей Федерациясынан тәуелділікті азайту бойынша қазір жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Ол Үлкен өзенде, Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында орналасады. Сонымен қатар, өңірдің оңтүстік аудандарына Үлкен және Кіші өзендері бойынша тұрақты су жетіп тұруы үшін Еділ өзенінен 135 млн метр куб су алу мәселесі қарастырылуда. Бұл мақсат үшін республикалық бюджетттен 3,5 млрд теңге бөлу керек.
Ресейдің Еділ өзенінен Варфоломей қоймасы арқылы облыстың Жәнібек, Қазталов, Жанғалы аудандарындағы 1637 гектар тұрақты суармалы егістікке, 44018 гектар лимандық (сағалық) суару алқабына, 324700 гектар су басқан жайылымдарға су жіберіледі. Бұдан бөлек, БҚО-ның оңтүстік аудандарындағы экологиялық ахуалды реттеп отыру үшін Айдын, Сарыайдын, Қамбақты және Қамыш-Самар көл айдындарын су жіберіліп отырады. Су қоймасының сыйымдылығы – 23 млн. метр куб.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру

Пікір үстеу