ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰРЛАНДЫ
16 ақпанда шамамен сағат 18.30 шамасында белгісіз тұлға Орал қаласы, Жәңгірхан даңғылы №67/2 мекен-жайы бойынша орналасқан медициналық колледжінің жанында бола тұра, күш қолдану арқылы кәмелет жасқа толмаған 2001 жылы туылған Мажит есімді азаматқа тиесілі «Хуавей лайт» ұялы телефонын ашық түрде тонап алған. Ілезде лып беріп, оқиға орнынан бой тасалаған. Қымбатқа бағаланатын ұялы телефонынан айырылып, сан соққан жәбірленуші полицияға телефон шалып, шағымданды.

Аталған тонау қылмысын ашу мақсатында Шаған полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері бірнеше бейнебақылау камераларын мұқият қарап, мүдделі қызметтер шапшаң қимылдады. Жасырынуы мүмкін деген бағыттардың барлығы тексеріліп, жедел іздестіру шаралары барысында, осы қылмысқа қатысты күдікті ретінде бір азамат анықталды. Шаған полиция бөліміне жеткізілген күдіктіден сұрастыра келе, телефонға қызығып, оңай олжа таппаққа ниеттенгенін мойындады. Күдікті 2000 жылы Ақжайық ауданында дүниеге келген, дәл қазір Орал қаласы, «Локоматив» саяжайы қоғамындағы бір үйде тұрады екен. Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар осы күдіктіні Евразия көшесіндегі №54 жәйлі пәтерлі үйдің бір пәтеріне аяқтай іздеп барып тауып, істің мән-жайын сұрастырды. Қазіргі күні 19 жастағы М. есімді азамат Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан әрі Шағандық полицейлер жедел іздестіру қызметкерлерінің осы аталған күдікті тұлғамен жүргізілген жұмыстары нәтижесінде оның Орал қаласы аумағында жасалған 2 қылмысқа және Ақжайық ауданында жасалған тонауға қатысы бар екенін анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Яғни, қала орталығында 2 азаматты және Ақжайық ауданында азаматтарды тонап, ұялы телефондарын, әмияндарын, сөмкелерін, өзге де жеке мүліктерін күш көрсету арқылы тартып алған. Адам тонағыш күдіктіден тәркіленген заттай дәлелдемелер өз иелеріне кері қайтарылып берілді.
Сонымен қатар, бұл жігіттің бұған дейін де түрлі қылмыстарға қатысы бары, заң алдында жауапталғаны анықталды.
Қазіргі күні Шаған полиция бөлімі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 191 бабының 2 бөліміне сай 4 эпизодпен қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Тонау фактілері бұдан да көп болуы әбден мүмкін. Адам тонау фактісі полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен жіті қимылдары нәтижесінде ашылып, жәбірленушілер алғыстарын айтты.
Гүламан Есмағұлова, Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу