ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ
Қазіргі таңда әйелдер қауымы қоғам мен мемлекеттің ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ. Бүгінде әлемде орын алып жатырған жағдайларға қарамастан, еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға, мемлекет тарапынан келген барлық мүмкіншіліктерді пайдалануға зор мән берілуде. Іскер әйелдер кеңесі әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға барынша ықпал етуде. Осыған орай, Ақжайық төрінде Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Төремұратова Жансұлу Меңдешқызының ұйымдастыруымен «Наурыз шәй» мерекелік шарасы аталып өтті.
«Ақжайық» мейрамханасында өткен жиында Жансұлу Меңдешқызы бүгінгі шараның маңыздылығын сөз етіп, өңіріміздің даму жолында тер төгіп жүрген аруларымызға өз алғысын білдірді.
Шараның басты мақсаты өздерінің қайсарлығы мен табандылығы арасында түрлі кәсіпті игеріп, өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған шаһарымыздың іскер нәзік жанды аруларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы. Мерекелік бас қосуға ҚазИИТУ серіктестері, «Мария»салоны басшысы Мария ханым, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мүшелері қатысты. Сонымен бірге Батыс Қазақстан облысы дизайнерлер қауымдастығының қолдауымен ұлттық нақыштағы киімдер көрсетілімі болды.
Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу