ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА НӘТИЖЕЛІ
Бүгін Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Жайықжылуқуаты» АҚ жылу-электр орталығының ағымдағы жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындау барысын бақылау мақсатында баспасөз турын өткізді.

Осы орайда департамент өкілдері қаржының мақсатты игерілуін қадағалау бойынша жылу тарататын орталығының қысқы маусымға дайындығын пысықтап, бағдарлама аясында жасалған жұмыстармен танысты. БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Ислямовтың айтуынша, биылғы жылға арналған Орал қаласының жылумен жабдықтау жүйелерін, ЖЭО жабдығын, суалғы мен қазандықтарды қайта құру мен жаңғырту инвестициялық бағдарламасы аясында 1 411,8 млн. теңге қаражат бөлінген. Соның ішінде меншікті қаражатқа 180,74 млн. теңгеге іс-шаралар белгіленген. Жылу электр орталығы бойынша – 115,89 млн. теңге, «Нұрлы жол» желісі шеңберінде қарыз қаражат есебінен – 1231,06 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда іс-шаралардың нақты орындалуы шамамен 116 млн. теңгені құрап отыр.

Статорды күрделі жөндеуге бекітілген 45,588 млн. теңгеге «Сервис Энерго» ЖШС тиісті жұмыстарды толықтай орындаған. Биіктігі 150 метрді құрайтын темірбетонды түтін мұржасын «Казтеплоспецстрой» ЖШС 39, 014 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізген. Бұдан өзге жылу электр орталығы аумағындағы болат су таратқыш ауыстырылып, стансаның химия цехының зертханасына арналған жабдық сатып алынған. Сондай-ақ орталықтың қысқы маусымға дайындығы бойынша негізгі жабдықтарды қалпына келтіруге жөндеу қорының есебінен 289,8 млн. теңге қарастырылған. Аталған қаражатқа қазан агрегаты жөнделіп, энергетикалық қазандық ауыстырылған. «Таразэнергоремонт» ЖШС турбинаны ағымдағы жөндеуден өткізіп, диафрагмаларды қақтан тазартқан. «Жайықжылуқуаты» АҚ құрамына енетін Орал жылу электр орталығының басшысы Мейрам Сейтеновтың айтуынша, инвестициялық бағдарлама аясында бөлінген қаражат мақсатты игерілуде, бүгінде құрылғыларды жаңарту жұмыстары жалғасуда, магистральды құбырлар ауыстырылған. Орталық қала тұрғындарын жылумен, көгілдір отынмен толық қамтуға дайын. Қазіргі таңда тұтынушылардан ешқандай арыз-шағымдар түспеген.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу