8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Шілде 2025 1350 0
Оқиға

Интернет -алаяқ ұсталды

Орал қаласында кепілсіз несие рәсімдеуге уәде беріп, тұрғындарды алдаған 32 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы БҚО ПД хабарлады.

Тергеу барысында күдіктінің Instagram желісінде жалған жарнама жариялап, азаматтарды WhatsApp арқылы микрокредиттік ұйымдардан онлайн несие алуға көндіргені анықталды. Ол алынған қаражатты өзіне және таныстарының есепшоттарына аудартқан.

Күдікті арнайы сілтемелер арқылы жәбірленушілерден верификациядан өтуді сұраған. Несие мақұлданған соң қаражат әртүрлі банкоматтар арқылы шешіліп отырған.
Тінту кезінде күдіктіден 27 телефон, 4 SIM-карта және 4 банк картасы тәркіленді. Қазіргі уақытта төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
А. ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
121 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
368 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»