8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2023 2913 0
Қоғам

Иманым – байлығым, жаулығым

Ережеп айының құрметіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Иманым байлығым жаулығым» атты дін мен дәстүрді ұштастырған, Алланың әмір еткен жаулығын насихаттау мақсатында рухани-танымдық шара өтті.

Шараға Күләш  Қуатқызы  басқаратын «Қазақ Аналары  Дәстүрге Жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының мүшелері Азиза ханым және Күнсұлу ханымдар кимешек тарихы жайлы баяндап берді. Облысымыздың намысын республика көлемінде қорғап жүрген тігінші, дизайнер Фатима Абдулова ханым кимешек ораудан шеберлік сағатын көрсетті. Исламтану магистрі, хафиз, 2 қырағат иджаза иегері, Құран тәпсірі маманы Бақытгүл Байгазиева  «Орамалдың шариғи үкімі» жайында Құран тәпсірінен уағыз-насихат жүргізді. Шара соңында әдемі киінген қыз-келіншектерді іріктеп, жамағаттың дауысқа салуымен «Ең үздік бейне» аталымына Айтолқын Құлжанова ие болды. Шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан «Қазақ аналары Дәстүрге жол» ұжымына, Фатима Абдулова мен  Бақытгүл ұстазға алғыс хат пен сый табысталды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»