ҒИБРАТЫ МОЛ «АҚ ОРАМАЛ» АКЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастау алған «Ақ орамал» республикалық акциясы Оралда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ұймдастыруымен өтті.
Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында БҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы – Ш.Х.Кұрманалина, БҚО ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері – З.З. Шканова, А.Б.Райымкулова перзентханада және Салтанат сарайында болды.
Орамал қай заманда болмасын, қазақ келіншектерінің ары, абыройы болған. Оны таққан адам жаулықты кие тұтқан. Сондықтан да босағаны жаңа аттаған келіншектің басына ақ жапқан. Акцияның мақсаты да сол – жаулықтың қадір-қасиетін жастардың бойына терең сіңіру.
Акцияның алғашқы бөлігін перзентханада өткізген ұйымдастырушылар жас аналардың басына ақ орамал жапты. Сөйтіп, бүлдіршіндерінің болашағы үшін оларды жаулық жауып отырып, емізуге кеңес берді. Ал неке сарайында жас жұбайлардың шаңырақ көтеру салтанатына куә болып, жас келіншек үшін ең қадірлі болуы тиіс сый-сияпатты ұсынды.
Орамалдың ақ болғанының өзі – бұл біздің пейілдің ақтығын, кеңдігін, келген келінің тазалығын, осы үйге шын пейілімен келсе, өссе-өнсе деген жақсы ниетпен салынған нәрсе.
«Ақ орамал – әрбір келіншектің басына қонған бақ орамал болсын! Біздің елімізді, ер азаматтарымызды қадірлейтін жас келіншектеріміз, аналарымыз көбейе берсін. Еліміздің демографиялық санын көбейтетін біздің мейірімді, инабатты, ибалы, ақ орамал тартатын келіндеріміз көп болсын» деген тілекпен Аналар кеңесінің өкілдері өздерінің Ақ баталарын беріп, жас келіндерге ақ жол тіледі.
Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру

Пікір үстеу