8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Мамыр 2024 30261 0
Дені сау ұлт

Холера ауруына қатысты диагноз расталмады

Ресейлік екі тұрғыннан холера жұқпалы ауруы анықталған жоқ. Бұл туралы БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова мәлімдеді.

«Эйр Астана» компаниясының қос жолаушысының жағдайы ұшақ бортында нашарлауына байланысты облыстық жұқпалы аурулар аураханасына әкелінеді.

Оқиға 30-шы сәуір күні болған. Дәрігерлердің бақылауынан кейін Ресей елінің екі жолаушысы елдеріне қайтарылған. Себебі олардың ағзасынан ешқандай қауіпті вирус анықталмаған. Жастары 40-қа жақындаған ерлі-зайыптылар Үндістаннан демалыстан келе жатқан көрінеді. Облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты,- дейді ақ халаттылар.

Тек қазіргі сәтте қызылша ауруына қарсы жұмыстар атқарылуда. Су тасқыны кезінде де жұқпалы ауруларға қарсы шаралар ұйымдастырылыпты.

Естеріңізге сала кетеміз, сәуір айында дүниежүзілік иммундау шарасы аясында жұқпалы ауруларға қарсы апталық басталды.

Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
121 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
368 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»