ХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АТАМЕКЕН» ӘН ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Оралда Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың ХІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі басталды.

Өнер байқауына еліміздің әр түкпірінен және Өзбекстан елінен 29 әнші қатысуда.
– «Атамекен» атты конкурсымыз биыл он бірінші мәрте өтуде.Ең басты конкурстың мақсаты – жас таланттарды шығару, таныту. Шығармашылық еңбек жолыма көз жүгіртсем, 200-ден астам шығарманы дүниеге әкеліппін. Соны жастар орындап, елге таратуда. Бұл да конкурстың бір мақсаты. Биыл қатысушылардың көбейгені қуантты. Ең бастысы – жас өнерпаздарымыздың қызығушылықтары жоғары, – дейді Ескендір Хасанғалиев.
Атамекендегі ән байқауына әнші-композитор жары, сырласы, продюсері Дарико Сопыжанқызымен, ұлы Біржан Хасанғалиевпен және немересі Зеремен келген.
Ән фестивалін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев ашты.
– 20 жылға жуық уақыттан бері «Атамекен» байқауы үзілмей өткізіліп келеді. Атылмыш конкурс арқылы жас таланттарымыздың есімдері көпке танылды, биік шыңдарға көтерілді. Алла амандығын берсе, келер жылы Ескендір ағамыз 80 жасқа келеді. «Атамекен» әнінің шыққанына 50 жыл толғалы отыр. Қос мерейтойды біздің өңірде жоғары деңгейде атап өту жоспарлануда.
Дәстүрлі байқаудың биылғы ерекшелігі – қатысушылар эстрадалық әндермен қатар романс жанрындағы әндерді орындайды. Әстрада жанрында 18, романс жанры бойынша 11 қатысушы бақ сынамақ.
Әншілердің өнерін Ескендір Хасанғалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Қанатқали Қожақов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры, Қазақстан Республикасы оқу саласының құрметті қызметкері Біржан Хасанғалиев, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Дәурен Сейтжанов пен халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, ІV халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің бірінші орын иегері, әнші Таңат Жексенбаев бағалайды.





Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу