ХАМЗА ЕСЕНЖАНОВ КІТАПХАНАСЫНА – 60 ЖЫЛ
Біздің Ақ Жайық өңірінде қос қыран, қос қаламгер Хамза мен Жұбан атамыздың есімін иеленген екі кітапхана бар. Екеуі де бірінен-бірі өтеді. Екеуін де «руханияттың мәңгілік мекеніне» теңеймін өз басым.
Биыл Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына 60 жыл толды. Мерейлі мерекеге орай, кітапхана ұжымы мені осы көктемде арнайы шақырып, аяулы енем-мамам туралы сұраған еді. Өйткені, Шүйіншәлиева Мақпал Бақтыгерейқызы осы атақты кітапханада ұзақ жыл абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан болатын. Марқұм анамыз жұмыс жасаған бұл кітапхана көзімізге оттай басылады, алыстан ыстығы сезіліп тұрады…
Айтпағым, осынау рухани орданың тарихын сөйлетіп, тәп-тәуір естелікке айналдырған кітапхана ұжымына, білікті мамандарға алғысымды білдіремін.
Кітап – алтын қазына. Бәйшешектей гүлдеп келе жатқан әр баланың санасына білім нұрын себе білген кітапхананың ғұмырлы болуын тілеймін.
Пікір үстеу