Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, тұрғылықты жерге қалай тіркелуге болады
Ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру шеңберінде Министрлік азаматтарды тұрғылықты жері мен уақытша тұратын жері бойынша онлайн тіркеу режимінде рәсімдеу бойынша шаралар қабылдады. Осы қызметті пайдалану үшін тұрғын үй меншік иесінің және есепке тіркелетін адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы және онымен қолданушы ретінде egov.kz порталына тіркелу қажет.

Бұл қызмет Порталдың «Азаматтарға» бөлімінде, одан әрі «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімшесінде «Халықты Тіркеу және тіркеу есебінен шығару» қосымшасында қол жетімді.
Тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркелгісі келетін азамат портал арқылы өтініш береді, содан кейін тұрғын үйдің меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасының көмегімен өтінішті бекітеді, яғни электрондық форматта өзінің тұрғын үйіне тіркеуге келісім береді. Берілген өтінімді өңдеу шамамен 10 минутты алады, содан кейін жаңа тіркеу мекенжайы бойынша мекенжай анықтамасына тапсырыс беруге болады.
Портал арқылы тіркелуге өтініш берудің өз артықшылықтары бар. Өтініш үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн түрде беріледі, соның есебінен тұрғындар ХҚКО-ға бару және кезек күту уақытын үнемдейді.
БҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ертас Бисеновтың айтуынша ағымдағы жылдың 9 айында БҚО бойынша «тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметін «электрондық үкімет»порталы арқылы пайдаланған 500-ге жуық адам өз уақытын үнемдеді.
Сонымен қатар порталда egov.kz электронды үй кітабы онлайн режимінде іске қосылды, яғни мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру қызметі. Енді жылжымайтын мүлік иесінің үйінде тіркелген барлық адамдар туралы мәліметті бір анықтамадан білуге мүмкіндік бар.
Бұл қызметті алу үшін тұрғын үй иесі egov.kz порталын қолдана отырып, «Жылжымайтын мүлік» – «тұрғын үй қатынастары» бөлімінен қызметке тапсырыс беруге болады, одан әрі көрсетілген тізімнен қажетті жылжымайтын мүлік объектісін таңдап, SMS-пароль немесе ЭЦҚ көмегімен сұрау салуды растау арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген қызметтің нәтижесі Мекенжай анықтамасы болып табылады және оған таңдалған жылжымайтын мүлік объектісі бойынша тіркелген жеке тұлғалардың тізімі қоса беріледі.
Белгіленген мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы анықтаманың өзектілігі олардың мекенжай мәліметінде мекен жай тіркеу кодының (МТК – жылжымайтын мүліктің 16 таңбалы саны) болуына байланысты. Егер де тіркелген тұлғалардың тізімі толық болмаған жағдайда, тұрғын үй иесі олардың мекенжайына жылжымайтын мүліктің мекенжай тіркеу кодын енгізу үшін Портал немесе ХҚКО жүгіне отырып шаралар қабылдауы қажет.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу