8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2021 2729 0
Өзек

ГАЗ ТАПШЫ

Оралда автогаз тапшылығы байқалды. Энергетиктер бұлАтыраудағы газ өндіруші компанияның жөндеу жұмыстарына байланысты туындап отырған уақытша мәселе екенін айтады. Газ тапшылығының кесірінен қаладағы газ құю бекеттерінде талонмен ғана жұмыс жасауда.

Қазір қаладағы газ құю бекеттеріндегі баға әр алуан. 64 теңгеден басталады. Газын арзанға сатқан бекеттердің алды көлікке толса, газын қымбатқа пұлдаған жерлерде мұндай көріністі байқамайсыз. Бірақ, арзан газға қолы жетпегендер түбі осында келуге мәжбүр. Бұл мәселені энергетиктер «уақытша» деп сендірді.

– Себебі Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында құрылғының істен шығуына байланысты жөндеуге уақытша жабылды. Көп ұзамай бұл мәселе шешілетін болады. Газ тасымалдау сұранысқа сай жүргізілуде. Мәселен, облыс халқының бір айлық сұранысы бұрын 2000 тоннадан асатын болса, бүгінгі күні 3000 тоннаға жетіп қалды. Яғни автогазбен жүретін көліктер қатары артып келеді. Қазір наурыз айына жететін қор бар деді, – БҚО энергетика және ткш басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Мұхамбетқалиев.

Айта кетейік, облыста 103 жанар-жағармай құю бекеті бар. Олардың 45-інде газ құю қондырғысы орнатылған. Ал Оралдағы қоғамдық көліктердің 90 пайызы газбен жүретінін ескерсек, мәселенің уақытында шешілмесе, даурығатын түрі бар.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»