Гүл көктем ала келген Наурыз
Наурыздың 22-сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл нұрлы болады», «наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, «ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
Осынау мейрам қарсаңында 2023 жылғы 20 наурызда Орал қ.ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің басшылығы гүл көктем ала келген Наурыз мейрамын қарсылап, бөлім қызметкерлері ұлттық нақышта киінді. Ертелетіп көші-қон қызметі бөліміне құжаттарын ресімдеуге келген шете елдік азаматтарға жеті түрлі дәм салынған Наурыз көже мен айран ұсынды. Қала тұрғындары жұмсақ бауырсақтан ауыз тиіп, сүт қатқан қою күрең шай ішті.
Шығыс халықтарына ортақ бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналған үлкен мейрам Наурызға арнап жайылған дастарханға, ұлттық тағам түрлеріне, жент сынды тәттілерге риза болған тұрғындар полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтты.
«Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын» деген аналар тілектерін жеткізді.
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу