ЕВРАЗИЯ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ ЖӨНІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТЕДІ

Бүгін Орал қаласы әкімдігінде Орал қалалық ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және пысықтау жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысы болып, онда Оралдағы Евразия даңғылына ұлы Абайдың есімін беру ұсынылды.
Осы орайда Орал қалалық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қантардағы №72-V Заңы, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы негізінде, Орал қаласының Евразия даңғылының атауын өзгерту бойынша көпшілік тыңдау өтетін хабарлайды.
Орал қаласының Евразия даңғылы атауын өзгерту мәселесі бойынша көпшілік тындау 24.02.2020 жылы сағат 11.00-де Ассамблея үйінде өтеді.
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге қайта атау беруге қатысты ұсыныс-пікірлеріңізбен Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 87112-50-79-43.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу