ЕСІРТКІ САТАТЫН САЙТТАР ЖАБЫЛДЫ
Бұл туралы БҚО прокуратурасы хабарлады.

БҚО прокуратурасының ресми өкілі Бауыржан Закиұлының хабалауынша, БҚО Орал қаласының прокуратурасы интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттайтын 8 сайтты анықтаған. Бұл «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 2-бабының талаптарына қайшы. Сайттардағы ақпараттың Қазақстан Республикасының аумағында жариялануы заңсыз болғандықтан және оларды жабу үшін Орал қаласының прокуратурасы сайттарды заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.
– Азаматтық процестік кодекстің 54-бабына сай, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау үшін қажет болса, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін прокурор сотқа арызбен жүгінуге құқылы. 2020 жылғы 27 қаңтарда прокурордың арызы қанағаттандырылып, сайттар заңсыз деп танылды, – деді Бауыржан Закиұлы.
Шешімнің орындалуы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелген.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу