8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қыркүйек 2019 2195 0
Жалын

ЕРЛІК САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ

Əскери-патриоттық тəрбиені жүргізіп, оны мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау жəне жас ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі күннің талабы болып отыр. Осы орайда бүгін Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Орал қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің жоғары сынып оқушыларына «Ерлік сабағы» өтті.

Сабақтың мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке, отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу жəне патриоттық сезімдерін ояту. Отанымыздың Қарулы Күштері туралы түсінік қалыптастыру.
Басқарманың жасақтау бөлімшесінің бастығы кіші сержан Қуаныш Амангелді Қорғаныс Министрлігіне қарасты жоғары əскери оқу орындары туралы түсінік берді. Сонымен қатар оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сабақтарын жақсы оқитындарына сенім білдірді.

Оқушылар болашақта əскери болу үшін қандай талаптар қажет екені туралы сұрақтар қойды.

Ерлік сабағы қала мектептерінде жалғасын табады.

 

Жанар ҚАЙСАҒАЛИЕВА, 

Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыс және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлерімен жұмыс бөлімшесінің инспекторы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»