Еріктілермен бірге есірткі жарнамаларын жою акциясын өтті
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті «Орал – есірткісіз қала», «Уральск – без наркотиков» акциясы аясында есірткі жарнамаларын өшіру бойынша рейд ұйымдастырды.

Шараға қаланың 150-ден астам қала тұрғыны қатысты, олардың ішінде БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Орал қаласы ПБ, Абай және Шаған полиция бөлімдерінің қызметкерлері, ҚазИИТУ және БҚИТУ студенттері, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері, қала еріктілері, сондай – ақ «Орал-есірткісіз қала» мониторингтік тобының мүшелері қатысты.
Іс-шараны ашқан БҚО полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев акцияға қатысушыларға алғысын білдірді.
«Жастар арасында нашақорлық мәселесі өте өткір, әсіресе синтетикалық есірткінің жаңа түрлерінің таралуы алаңдатады.
Есірткі қылмыстары бойынша деректер әлі де азаяр емес, кәмелетке толмағандарды есірткі бизнесіне тарту фактілері де бар. Есірткімен күресу – баршамыздың ортақ міндетіміз! Бейнебақылау камераларының көмегімен біз Ақсай қаласында есірткіні жарнамалаған екі жасөспірімді ұстадық.
Бұл үшін олар 7 жылға бас бостандығынан айырылатынын ескерткім келеді.
Мен барлығыңызға айтарым, осы зұлымдықпен бірге күресейік!
Бірлескен күш-жігермен ғана біз балаларымыздың есірткісіз болашағын жасай аламыз!», – деді департамент бастығы А.Оразалиев.
«Акция есірткі сайттары мен есірткінің заңсыз айналымын насихаттайтын жазулар мен суреттерді жою мақсатында өткізіледі. Өскелең ұрпақ бұл әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды деп ойлап, есірткі сататын интернет-дүкендердің граффитиін, суреттерін, жапсырмаларын таратуға тартылуда. Алайда бұл әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады», – деп ескертті БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Марат Сугуров.
Рейд барысында шараға қатысушылар 24 бағыт бойынша аумақтарға бөлініп, есірткіге қарсы күреске өз үлестерін қосып, қала аумағындағы заңсыз 100 жуық жарнамаларды жоюға бағытталған жұмыстарды жүргізді.
Қазіргі таңда есірткі сатушылар синтетикалық заттың көптеген сайттарын жарнамалау мақсатында сатудың түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап табуда. Көптеген адамдарды әлеуметтік желілерде есірткі затын тасымалдау мен жұмыс істеу туралы ұсыныстар түссе немесе айналасындағылардың біреуі заңсыз әрекетке қатысса, не істеу керектігі қызықтырады. Сол себепті еліміз үшін қоғамда заң үстемдігін насихаттап, өскелең ұрпақтың салауатты өмір сүру қағидаттарын дамытып, нығайтуға үлес қосу өте маңызды.
Айта кету керек, Қазақстанда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сондықтан есірткі заттарының граффити – жарнамасына куә болсаңыз дереу «102» операторына хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл акция жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамды зиянды әдеттерден қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
БҚО ПД баспөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру