8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қараша 2019 2356 0
Өзек

ЕР АЗАМАТ ӘЙЕЛІН КЕПІЛГЕ ҰСТАП ОТЫР (видео)

Әлеуметтік желілер арқылы Оралда ер азаматтың  өз әйелін кепілге ұстап отырғаны туралы ақпарат таралуда.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 13.10-да «102» нөміріне Жәңгір хан көшесі, 13 мекенжайындағы нотариустың кеңсесінде белгісіз азаматтың  әйелін ұстап отырғаны туралы хабар түскен.

Алдын ала анықталған ақпарат бойынша ер азаматтың қолында пышақ және гранатаға ұқсас зат бар екен. Оқиға орнына шұғыл қызметтердің барлығы жетті.

Бес қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланып, үй аумағы толық қоршауға алынды. Полиция қызметкерлері әйелді жіберуі үшін азаматпен келісім жүргізуде.

Азаматтың кім екені белгілі анықталған. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар арасында қазір ажырасу процесі жүріп жатқаны белгілі болып отыр.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»