19 Шілде 2019 1428 0
Қалалықтар қаперінеЕНДІ ЕМХАНАҒА ТЕК ХҚКО АРҚЫЛЫ ТІРКЕЛЕ АЛАСЫЗ

Шілденің бірінен бастап Қазақстанда емханаларға тіркеу Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл шара емханалардың өкілеттігін асыра пайдалануына жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр. Өйткені, елімізде тұрғындарды «сырттай» тіркеу фактілері бары жасырын емес. Бұрын заң бұзушылық болған-болмағанын анықтау үшін адамдардың қолтаңбасын салыстырып, құжаттарды тексеру қажет болатын. Қазір қызмет автоматтандырылды, сондықтан бұдан былай оны тексеру қиындық тудырмайды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиеваның айтуынша, аталған шара азаматтар үшін қосымша тосқауылдар тудырмауы тиіс. Керісінше, тіркеу процесін ашық, объективті жүргізуге мүмкіндік береді. «Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тұрудың қажеті жоқ. Онда өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыштар бар. Арнайы мамандар электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, емханаға тіркелуге көмектеседі. Ал, егер цифрлық қолтаңбаңыз болса ешқайда бармай-ақ, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы да тіркелуге болады», – деді Забира Оразалиева. Басқарушы директордың сөзіне сүйенсек, қор басшылығы тіркеу процесін емхана қызметкерлерінің араласуынсыз ұйымдастыру мақсатында осындай қадамға барып отыр. Өйткені, емхананың тіркеу бөлімі тіркелу үшін мекенжай анықтамасын, тіпті, анализ тапсыруды талап еткені жайлы арыз-шағым болған еді. Шын мәнінде, тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініштен басқа құжат қажет емес. «Тіркелудің өзіндік тәртібі бар. Үйге дәрігер шақыру, «төртінші» санат бойынша жедел жәрдем шақыру үшін аумақтық принцип сақталуы қажет. Мысалы, егер сіз тұратын ауданда үш емхана болса, соның кез-келгенін таңдай аласыз. Бірақ біз үйге жақын маңда орналасқан емхананы таңдауға кеңес береміз. Бұл қажет болған кезде учаскелік дәрігердің үйге тез жетуіне, тиісінше көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Әдетте, өз учаскесіндегі пациенттердің денсаулық жағдайын учаскелік терапевт жақсы біледі», – дейді МСҚ басқарушы директоры. Естеріңізге сала кетсек, азаматтар өзі тұратын микроучаскеден тыс жердегі емханаға да тіркеле алады. Жан басына шаққандағы норматив бойынша, мұндайда дәрігер шақырту бойынша науқастың үйіне барып қызмет көрсетуге міндетті. «Былтыр арнайы бұйрыққа өзгерістер енгізілген болатын. Азаматтардан «үйге дәрігер шақыру қызметінен бас тарту» туралы өтініш жаздырып алуға емханалардың құқы жоқ. Мұндай заң бұзушылықтар болып жатса қор міндетті түрде араласады. Егер өзіңіз тұратын микроучаскеден тыс орналасқан емхананы таңдасаңыз, аталған емдеу мекемесі сізге бастапқы медициналық-санитарлық қызметтің барлық түрлерін көрсетуге міндетті. Ал, төртінші санаттағы шақыртулар бойынша сіз тұратын аудандағы емханамен қосымша келісімшарт бекітуі тиіс. Сонда қажет болған жағдайда, жедел жәрдем тіркелген емханадан емес, жақын маңдағы емханадан келеді», – дейді З.Оразалиева.
Версия для печатиhttps://www.inform.kz/kz/budan-bylay-emhanalarga-tek-hkko-arkyly-gana-tirkeluge-bolady_a3548982
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
91 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
94 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
88 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
90 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
89 0

Кіру
Пікір үстеу