8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2019 1990 0
Дені сау ұлт

Емханаларға тіркелу жүйесі автоматтандырылды

2019 жылы 15 қыркүйек мен 15 қараша аралығында ел тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына өз қалауы бойынша тіркелу мүмкіндігі беріледі. Биыл оны eGov электронды үкімет веб-порталы арқылы жасауға болады. Ол үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Қандай да бір сұрақтар немесе қиындықтар болса, ХҚКО кеңесшілері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тіркелуге  көмектеседі. Ал емханаға тіркелу процесін автоматтандырудың арқасында сан алуан тәртіп бұзушылықтарға жол берілмейді. Атап айтқанда, енді тіркелу туралы сұрауды қолдан жасау мүмкін емес. Бұрын ондай әрекеттер қызмет жеткізушілер арасында болған. Тіпті, адамдардың өздері де жасайтын.

Осы орайда маңызды бір мәселені ескерген жөн. Емхана немесе дәрігерлік амбулаторияны еркін таңдау принципі тек тұрғылықты жердің әкімшілік-аумақтық бірлігімен ғана шектеледі. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда ол – пациенттің тұратын ауданы.

– Бұрын ондай шектеу болған жоқ. Алайда, іс жүзінде ондай еркіндік бірқатар қиындықтар туғызды. Мәселен, тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген адамдарға, оның ішінде  жүкті және жаңа туған нәрестелерге қызмет көрсету жағынан қиын болды, – дейді филиал директоры Нуржамал Жумагулова. – Осыған байланысты нормативтік базаға өзгерістер енгізілді. Енді, БМСК-ны қаладағы бір ауданның аясында ғана таңдауға болады.

Тіркеу кезінде ата-анасы да, балалары да бір емханаға баратындай отбасылық қызмет көрсету принципіне басымдық беріледі. 18 жасқа толмаған балаларды олардың заңды өкілдері тіркеуге құқылы.

БМСК ұйымында тіркелген адамдар шамадан тыс көп болса,  Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен басқа емханаға тіркемей қоюы да мүмкін. Қолданыстағы нормативтер бойынша жалпы практик дәрігердің учаскесінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс.

– Учаскелерді ірілендіру дәрігердің жүктемесін төмендетіп, пациенттер үшін қызмет көрсету сапасын жақсартады. Дәрігер қабылдауға келген адамға жеткілікті көңіл бөлуі керек. Осыған орай, Қор медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында жүйелі жұмыс істеп келеді. Әсіресе, медициналық сақтандыруды енгізу қарсаңында осы шаралардың маңызы артып отыр, – деп атап өтті филиал директоры Нуржамал Жумагулова.

Емханаға тіркелу науқаны нәтижесіне қарай Қордың өңірлік комиссиялары алдағы жылға БСАК көлемін орналастыру рәсімдерін жүргізеді. Жаңадан таңдалған емханаға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап баруға болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін сізге бұрынғы БМСК қызмет көрсете береді.

Науқан кезінде тіркелу – бұл өз таңдау құқығын іске асырудың жалғыз жолы емес. Жылдың аяғына дейін емхананы бірнеше жағдайда ауыстыруға болады. Біріншіден, адамның тұрғылықты жері бір айдан астам уақытқа өзгерсе, екіншіден, емханада қайта ұйымдастыру болса және ол Қордың қызмет жеткізушілері қатарынан шығып кетсе, тіркеуді ауыстыруға мүмкіндік бар. Тіпті, ешбір себепсіз жылына бір рет тұрғылықты жері аймағында емхананы ауыстыруға болады.

Тіркелу науқаны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген Денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана жүргізіледі.

Деректер базасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының интернет-ресурсында орналасқан:  https://fms.kz/ru/select-medical-inst

 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
240 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
246 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
534 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1005 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1382 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1238 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1740 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2359 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2522 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2529 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2581 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2585 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2153 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3063 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3118 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3109 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3730 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3692 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3682 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3657 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3817 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»