8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Шілде 2020 1109 0
Қоғам

ЕМХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ АЙЛЫҒЫНА ҮСТЕМЕАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қай санаттағы дәрігерлердің айлығына үстемеақы қосылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«КВИ бойынша симптомсыз пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемеақы қарастырылмаған. Себебі олардың пациенттері ауруды аса таратпайды деп есептеледі. Сонымен бірге емдеу хаттамасына сәйкес оларды үйлеріне барып емдеудің еш қажеттігі жоқ. Яғни олар пациенттермен телефон арқылы ғана сөйлесе береді», – деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, емханаларда инфекциялық сырқаттар бойынша жұмыс істейтін дәрігерлерге келтірілген зиян үшін үстемеақы беру қарастырылған.

«Емханалардың көбі провизорлық стационарлар ретінде жасақталды. Дәрігерлер вирус ошақтарына барады, үйлерді аралайды. Бұл мәселені қазір Денсаулық сақтау министрлігі қарап жатыр. Үстемеақы болады», – деді Ажар Ғиният.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
95 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»