Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Желтоқсанның 15-сі күні қалалық әкімдіктің кіші залында қала әкімі Миржан Сатқанов өңіріміздегі желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесті.
Басқосуда сөз сөйлеген шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы: – Сіздерді қастерлі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің егеменді жолында бастарын бәйгеге тіккен Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ерлігі уақыт өткен сайын жадымызда жаңғырды. Бүгінде түрлі салада қызмет атқарып, қаламыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып келесіздер. Дендеріңізге саулық, күш-қуат тілеймін! – деп барлық желтоқсаншыларға Алғыс хат табыстады.
Бұдан кейін жүздесуге қатысқандар өздерін толғандырып жүрген мәселелер туралы ой-пікірлерін айтып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Сондай-ақ Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында сый-құрмет көрсеткен қала әкіміне ризашылықтарын білдірді. Желтоқсанның ызғары талайларды«тоңдырды», талай тағдырды талқандап, жанына жазылмайтын жара салды деп тарқасты.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Бұл басқосу туралы«Жайық үні» газетінің келесі санынан толық оқи аласыздар