8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қыркүйек 2023 1807 0
Қоғам

Елімізде қоғамдық бақылау туралы заң қабылданды

Енді 50 мыңнан астам қол жинаған халықтық петициялар үкімет деңгейінде қаралатын болды. Бүгін Сенат қоғамдық бақылау туралы заң жобасын мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Құжат негізінде кез келген азамат қоғамдық бақылау ұйымын құрып, нысандарға тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Бұл ретте қос тараптың да құқықтары мен міндеттері заңда нақты жазылған. Ал петицияны арнайы интернет портал арқылы бере алады. Уәкілетті орган петиция жария болғанша оның заңда бекітілген шарттарға сәйкестігін анықтайды. Дегенмен петиция арқылы әсер етуге болмайтын бірнеше мәселе бар.

Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары: Сайлау туралы, референдум, сот жүйесі туралы, прокуратура туралы, сонымен бірге арнайы қызметтердің қызметіне байланысты қойылмайды. Мемлекеттік құпиясы бар сұрақтар қойылмайды. Президент, екі парламент палаталары және үкіметтің құқығына кіретін лауазымдарды тағайындау мен орындарынан алу мәселелері де қарастырылмайды. Өйткені ол конституциялық заңмен, сайлаумен, референдуммен қарастырылады.

Дереккөз: qazaqstan.tv

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»