8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қазан 2018 4514 0
Қоғам

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша бірыңғай күні аясында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылады. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, мемлекеттік органдардың басшылары, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, қоғамдық келісім, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен мектеп директорлары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері қатысты.

БҚО ҚХА төрағасының орынбасары хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов Жолдаудың басымдықтары және оны жүзеге асырудағы Ассамблеяның рөлін сөз етті. Ассамблея әр бағытта жұмыс жасайды. Сондықтан Жолдауда аталған бағыттарды іске асыруда Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері ықпал ететін болады. Мәселен, медициналық қызметтің көрсетілу сапасын жетілдіру мәселесі жуырда ардагерлер кеңесінде қаралып, зейнеткерлерге қызмет көрсету сапасын сатылай жақсарту ұсынылған.  Енді бюджетті жоспарлау және мақсатты жұмсалуын бақылау ережесіне өзгерістер енгізіп, қоғамдық келісім кеңестерін қатыстыру туралы ұсыныс берілмек.

– Президент әр қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың маңызын жете түсінуі керектігін айтты. Сол себепті қоғамдық келісім кеңесі мүшелері мен Ассамблея белсенділері түсіндірме жұмыстарын жүргізуі керек, – деді Ғайса Хамедулаұлы.

Сондай-ақ қазір Ассамблея өкілдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Ассамблея атынан ұсынылатын әлеуметтік жобаларды талқылауда. «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске қосылуымен «Үздік көше», «Үздік ауыл», «Үздік үй» жобасын жүргізіп, үздіктерін үлгі етпек.

Облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар Президент Жолдауындағы өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру бағыты бойынша үн қосып, еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету тапсырылғанын және ол үшін өңірлік және қалалық инфрақұрылымды дамытуға маңыз берілгенін жеткізді. Бұл ретте бүгінге дейін облысымызда «Нұрлы жер», Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша көптеген жұмыстар асқаны белгілі. Ендігі міндет – осы жұмыстарды әрі қарай жетілдіру. Мысалы, облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардан бөлек, бірқатар ауданаралық жолдар жаңаруда. Көп жылдан бері айтылып келе жатқан Қазталов ауданы бағытындағы жол құрылысы жүргізіліп, 20 шақырым жолы ғана қалып отыр. Келесі жылы Қазталов ауданынан әрі Жәнібек пен Бөкей Ордасы ауданына жол салу басталады.

– Бұл жұмыс бір мезгілде жүзеге асуы үшін ортадағы Өнеге ауылынан үш бағытқа, Жәнібек-Орал, Сайқын-Орал және Бисен-Сайқын бағыттары бойынша алты жобаға бөлініп жол салу жұмысы жүргізілмек. Әрине, қаржының бөлінуіне байланысты. Дегенмен, барлық жоба бір мезгілде басталса, екі-үш жыл ішінде алыс аудандарымызға бағытталған жолдар құрылысы аяқталады деп сенеміз, – деді Мәлік Иманқұлұлы. Сондай-ақ мәслихат хатшысы Елбасы тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандарды салу елдімекендерді дамыту жоспарларымен байланыстырылатынын, әсіресе халық тығыз орналасқан ауылдарда, яғни тірек елдімекендерде жаңа құрылыстар жүргізілетінін жеткізді.

Зеленов ауданындағы Дариян орта мектебінің директоры Оксана Шохина балаларды мектеп жасынан мамандыққа бейімдеудің ел болашағы үшін ұтымдылығын, ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, профессор Гаухар Қайырлиева бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы ғылыми-білім кешенінің жетістіктерін ортаға салса, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова Елбасының келесі жылы денсаулық сақтау саласын қағазсыз жүйеге көшіру тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы өңірдің пилоттық жүйені сәтті жүргізгенін атап өтті.

Жаңа Жолдаудың жастар үшін маңызы зор. Себебі Президент 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. БҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» қозғалысының төрағасы Владимир Шек осы орайда келер жылға «Жаңғыру Жолы» қозғалысын дамытудың жол картасы дайындалғанын айтып, оны жүзеге асыруға қолдау көрсетуді, әр этно-мәдени бірлестікте жастармен жұмыс жасауға жауапты жасты бекітуді сұрады.

Жиын соңында БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің Үндеуі жарияланды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
191 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
208 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
476 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
955 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1333 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1204 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1691 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2310 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2473 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2481 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2533 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2536 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2119 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3015 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3069 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3062 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3678 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3644 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3635 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3609 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3770 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»