8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қазан 2018 3101 0
Қоғам

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ

Бүгін Орал қаласының активінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын  түсіндіру және іске асыру барысы жан-жақты талқыланып, ұсыныстар қабылданды.

 

Жиында алдымен баяндама жасаған қала әкімі Мұрат Мұқаев:  – Оралдықтар қашанда Елбасының игі бастамаларын қолдаушы және белсенді іске асырушы болып келеді. Ендеше біздің мақсатымыз баршамыз жұмыла кірісіп, Жолдауды тиімді жүзеге асыру болып табылады. Адами капитал – мемлекет үшін ең үлкен құндылық екенін ескере отыра, Елбасымыз республикамыздың әр тұрғыны үшін ең қолайлы орта қалыптастыру қажет екенін атап өтті. 300 мыңнан астам халқы бар біздің қаламыздың тұрғындары үшін тұрмыс жағдайын неғұрлым қолайлы ету біздің халық алдындағы жауапкершілігімізді одан әрі күшейте түседі. Мемлекет басшысы атап өткендей, жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы. Бүгінгі таңда қала бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асуда. Ағымдағы жылы аталған бағдарлама бойынша 396 пәтерлі 3 тұрғын үй қолданысқа берілді. Бүгінгі таңда, 2018 жылы құрылыс саласына 13 млрд. теңге қаражат бөлінді. 2018 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 12 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аталған бағдарламаның арқасында мыңдаған отбасылар тиімді шарттар негізінде тұрғын үйге ие болды. Елбасының Бес әлеуметтік бастамасының бірі «7-20-25» бағдарламасы аясында және жеке инвестициялар есебінен облыс орталығының іргесінен 425 га. жерді құрайтын жаңа «Ақжайық» шағынауданын игеру басталып кетті. Жаңа ауданда 150 көпқабатты үйлерді салу көзделуде. Қазіргі уақытта 4,2 млрд теңгені құрайтын инженерлік инфрақұрылымдар кәріз, су, электр энергиясымен қамту, жарықтандыру және газ тарту жұмыстары басталып, құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр.

Мемлекеттік қызмет саласы да Елбасының жолдауында назардан тыс қалмайды. Бонустық төлем бойынша жалақы төлеу жүйесі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, пилоттық негізде табысты іске асып, өз тиімділігін көрсеткен болатын. 2019 жылы біздің өңірде де бұл жүйе іске қосылатын болады. Орал қаласының әкімдігінің құрамындағы 242 мемлекеттік қызметкер атқарған жұмысына сәйкес жалақыларын алатын болады. Нәтижесінде жұмыс тиімділігі байқалып, жұмысымыздың сапасы артатын болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі жандандыру мақсатында Елбасы 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80%-ға, 2020 жылы 90-%-ға жеткізу керектігін айтқан болатын. Осы мақсатта қала әкімдігінде «Ашық әкімдік» жобасы іске қосылған болатын. Аталған жоба бойынша күніне 300-ге тарта адамға мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Қаламыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде  азаматтардың қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге арналған белсенді әлеуметтік, қайырымдылық және еріктілік қызметтердің артуы оң нәтиже көрсетуде. 2018 жылдың 1 наурызында Орал қаласында ерекше мұқтаж адамдарға арналған үй құрылысы басталды. Осыған орай құрылыс орнында меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері қол қойған естелік «Уақыт капсуласын» салу рәсімі өтті.

Ең ауқымды шараның бірі қала күні мерекесі шеңберінде «Қала күні – 2018» мерекесі аясында «Автокомбинат» ЖШС басшысы Валерий Голоухов  өз қаражатына «Гауһар» тынымбағын  салып, сыйға тартты. Осындай тынымбақты А.Жақыпов салып жатыр. Сондай-ақ, Ет комбинаты шағын ауданында алғашқы «Денсаулық» саябағы ашылды. Саябақты абаттандыру жұмысы аймақтың медициналық «Туған жерге туың тік» қоғамдастығының бастамасымен жүзеге асырылды. «Оралым – құтты мекенім» атты түлектер форумы, қоғам қайраткерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысуымен «Жомарт жүрек – 2018» премиясы өтті. Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған болатын. Өйткені, еліміздің болашағы, оны дамытушы қозғаушы күші дәл осы жастар болып табылады. Жастардың бастамаларын қолдау бойынша қаламызда арнайы  жастармен жұмыс жөніндегі орталығы, ашылып, өз жұмыстарының алғашқы нәтижелерін беріп жатыр.  Мемлекет басшысының бұл жолдауы өңір, тұтастай мемлекетіміздің дамуын ілгерілетудегі маңызы сөзсіз өте жоғары. Өзіміздің әл-ауқатымызды көтеріп, дамыған 30 елдің қатарына кіруіміз үшін әрқайсысымыз жұмыстануымыз керек, – дей келіп барша жиналғандарды «бір жеңнен – қол, бір жағадан – бас» шығарып, біріге жұмыстануға шақырды.

Еңбек ардагері Әленғали Кереев Елбасы Жолдауы әр қазақстандықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама екенін атап өтті. – Ең бастысы еңбекақы 1,5 есеге өсетін болды. Педагог мәртебесі туралы заң қабылданатынын естіп қуанып жатырмыз. Біз 90 жылдардағы қиыншылықтарды көріп,  бастан өткердік. Содан бері қыруар шаруалар жасалғанына куәміз. Ардагерлердің қоғамдық кеңесі құрылып, жастар тәрбиесімен айналысуда. Биылғы Жолдауда елдің тыныс тіршілігіне қатысты іргелі мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі жастардың оқуға түсіп, диплом алып шығуы маңызды емес. Олардың сұранысқа ие маман болуы басты мәселе деп түсінемін. Стратегиялық мәні зор Жолдауда біз күткен мәселелер толық қамтылды, – деген Әленғали Лұқпанұлы қалалық ардагерлер кеңесі Жолдаудың түйінін жас ұрпаққа түсіндіруге атсалысатындарын жеткізді. Сондай-ақ басқосуда  «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Халқы Ассамблеясының БҚО «Аналар кеңесінің» мүшесі, Орал қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, жазушы-журналист, «Жайық үні» газетінің директоры-редакторы  Мира Шүйіншәлиева, қалалық мәслихат депутаты Лилия Хайруллина,   Круглоозерный ЖОББМ-нің география пәнінің мұғалімі Ерболат Қабиев, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Зарина Ықсанова маңызды құжат туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында Елбасы Жолдауын іске асыру аясында арнайы қарар қабылданды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Мира Шүйіншәлиева, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Халқы Ассамблеясының БҚО «Аналар кеңесінің» мүшесі, жазушы-журналист, «Жайық үні» газетінің директоры-редакторы:

                                    «Жүрекке жылылық сыйлаған Жолдау»

– Еліміздің Президенті, кемеңгер көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күні кешегі қазақстандықтарға арнаған Жолдауын сүйсініп әрі тамсанып, тұшынып оқып шықтым. Алтын күздің шұғыласындай көпұлтты қазақ елінің жүрегіне жылылық сыйлаған Елбасымыздың  бұл жолғы кезекті Жолдауының мән-маңызы ерекше екен. Тарихи құжат елдің бүгіні мен болашағын айқындап бергендей. Алдымен, бірінші байлық денсаулыққа тоқталсақ, адамзат баласына не қымбат, жан қымбат! Сол үшін қазақстанда 100 спорт кешені бой көтереді. Қандай ғажап! Салауатты өміріміз үшін, мәнді де сәнді тірлігіміз  үшін көпұлтты халықтың қамын ойлаған көреген Көшбасшымыз медицинаға, спортқа аса мән беріп отыр. Сол секілді Баспаналы болуды кім аңсамайды? Ол үшін «7-20-25» бағдарламасы көңілге қонымды. Біздің жайнаған Жайығымызда қаншама зәулім құрлыстар бой көтеріп жатыр. Облыс әкімінің бастамасымен «Ақылды қалаға» айналып келеміз. Балаларға арналған ойын-сауық аулаларынан үш ай жаз бойы үйінің алдында доп қуып, бақытты балалықтың әр күнін көтеріңкі көңілмен өткізген ұл-қызды көрдік. Осы шаһарымызда жүзеге асып жатқан, атқарылып жатқан әр игі-істерді қалалық қоғамдық-саяси «Жайық үні» газетіне жазып, оқырманға жеткізіп отырмыз. Елбасымыздың салиқалы әрі салмақты Жолдауына «Жайық үні» газеті арқылы да өз үндерін қосып, қолдауларын білдіруде оралдық жерлестеріміз. Мұның бәрі ынтымағымыз бен бірлігімізді, тату-тәтті тіршілігімізді көрсетеді.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болуда. Былтыр Жайық елінің рухы жаңғырып, 300-дей іс-шара өтті. Меценаттардың көмегімен жүзеге асқан жобаларға халық куә. «Рух – таза ақыл» деп Шәкәрім Құдайберді бабамыз айтқандай,  Оралымыздың ашық аспанында  домбырадан күй күмбірледі.  Кемеңгер Көшбасшымыз бұл жолы халықтың әл-ауқатының артуы үшін агроөнеркәсіп саласына, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына, қолжетімді баспанаға, жалақы мәселесіне де аса мән берген.   Көңіліме тағы бір қонғаны, бұйыртса үш айдан соң төрімізге енетін жаңа жылымыз Жастарға арналған.  «Мен жастарға сенемін!» деп ақын Мағжан Жұмабаев өз заманында жырлағандай, біз де көздерінде оты бар, жүрегінде жалыны бар, кеудесінде иман-байлығы бар ізетті әрі оқымысты, қарапайым қалпынан танбайтын жастарға сенім артамыз.

Барша Жайық жұртын Жолдауды қуаттап, Елбасының әр айтқан тапсырмасын жүзеге асыруға шақырамын.

 

Зарина ЫҚСАНОВА, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы:

–   Елбасы ел назарына әркез жас буын  – жастар өкілдеріне қажетті бағдарламалар мен бастамаларды ұсынды. 2019 жылды «Жастар жылы» деп бекітті. Қазіргі уақытта дейін қай салада болмасын жастарға арналған кешенді бағдарламалар оң нәтижесін беруде. Ал келер жылы бұл жұмыстар ұтымды жалғасын тауып, мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер мен қолдау күшейеді деп сенемін. Жоғары білім беру саласының деңгейі арта түсуін ендігі уақытта шетелдік топ менеджерлердің жұмысқа тартылуынан байқайтын боламыз. Студент-жастарға әлемдік деңгейдегі оқу орындарынан қалыс қалмайтын білім сапасы ұсынылатын болады. Бұл Елбасының ең басты талабы – жалақысы жоғары жұмысқа орналасуға үлкен септігін тигізеді. Республика көлемінде 50 мың тұрғынға 1 млн. теңгелік сертификат салымдық көмек ретінде ұсынылады. Алдағы уақытта жергілікті үкімет тарапынан субсидия қарастырылатын болады. Бұл өз баспанасына ие болуды армандап жүрген мыңдаған жас отбасылардың өзекті мәселесінің шешімі болмақ. Ендігі кезекте бізге артылған үміт пен сенім мол, атқарылатын істер де зор болуы тиіс деп ойлаймын.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
286 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
391 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
635 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
903 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1129 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1167 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1320 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1513 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1743 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1832 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1945 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1949 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1983 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1983 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2089 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2309 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»