8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2018 1798 0
Қалалықтар қаперіне

Елбасы теміржол доңғалақтарын өндіретін кәсіпорынды іске қосты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Олардың қатарында машина жасау және құрылыс индустриясы саласындағы жобалар бар. Атап айтсақ, Елбасы Павлодар облысындағы «Проммашкомплект» теміржол доңғалақтарын өндіретін кәсіпорынды онлайн режимде іске қосты. Ол теміржол доңғалақтары өндірісін жылына 75 мыңнан 200 мыңға дейін ұлғайтуға, 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Өнімдердің үштен екісі сыртқы нарыққа шығарылады.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы Шымкенттегі қуаты 110-220 кв трансформатор шығаратын «Asia Trafo» зауытын ашты. Қызылорда облысындағы қуаты жылына 1 млн тонна болатын «Гежуба Шиелі Цемент» Қазақстан-Қытай инвестициялық жобасын да іске қосты.

«Баршаларыңызды Қазақстанның осы жобаларымен құттықтаймын. Теміржол доңғалақтарының өндірісі біздің импорттық позициямыз болған. Қызылорда Цемент зауыты да аса маңызы жоба.Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Іске қосыңыздар», – деді Назарбаев Астанадағы ЭКСПО Конгресс орталығында.

Сондай-ақ, телекөпір барысында Қазақстан президенті «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» мен Қарағанды облысының катодты мыс өндіретін «Алмалы» кен орнындағы құрылысы аяқталған және өндіріс қуатына шығуға дайын «Sary-Arka Copper Processing» кәсіпорынын іске қосуға пәрмен берді.

Дереккөз: Baq.kz 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»