«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖОБАСЫ: БҚО БОЙЫНША 33 ЖАС ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
Нұрсұлтан Назарбаев қорында «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және ата-аналар қауымдастығының өкілдері енді.
Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, 2020 жылы 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Комиссия бағдарламаның барлық бағыттары бойынша тапсырмаларды сәтті орындаған қатысушылардың алғашқы легінің нәтижелерін қарады. Жиын қорытындысы бойынша 1000 қатысушыны 2020 жылы Елбасының қола медалдарымен марапаттау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта тағы 7 мың жас қазақстандық бағдарламаның қола деңгейінде қатысуды жалғастыруда.
Елбасының 2020 жылғы қола медаль иегерлерінің тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.
Қазіргі уақытта жобаға 11 мыңнан астам қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшы қатысуда.

СКРИНШОТ: file:///C:/Users/User/Downloads/cbc3a155ab557a402ab3ce18afb9e3d15fd358ea5cbd5%20(1).pdf
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу