«ЕЛ ҮЛЕСІНЕН» 216-ШЫ ПӘТЕР БЕРІЛДІ
Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ-ның жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 216-шы баспана Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында берілді.

Бұл баспана нәсіп болған жанұя – жетімдер үйінде тәрбиленген екі баланың анасы Анар Мақсотқызына бұйырды.
Бас мүфтидің бастамасымен республика аумағында «Ел үлесі –пәтерге» қайырымдылық шарасы аясында осы мұқтаж отбасының баспаналы болуына себепші бола алдық.
Аталмыш – жоба мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа түсіндіре жеткізе білген насихаттарының нәтижесінде іске асуда. Бұл сауапты іс-шараға Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов, елімізге танымал «Назар аудар» театрының әртістері мен кәсіпкер ағаларымыз атсалысты.
Жаңа қоныс иелеріне Тәжіден Батырұлы мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы тозаңтқыш пен диван, ал «Назар аудар» театрының әртістері кілем тарту етті. Теректі аудандық мешітінің бас имамы Еркінбек Ебелекқазиев азық-түлік пен тәттілер берді.
Шарада Орал қалалық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтып, жиналған қауымға қайырымдылық, мейірімділік жайлы тұшымды уағызын айтып, баспана кілтін табыстады.
Нұрлан Саматұлы, ҚМДБ-ныңБҚО бойынша баспасөз хатшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу