8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 1697 0
Қоғам

ЕКПЕ ЕГІЛГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДА ВАКЦИНАЦИЯ ПАСПОРТЫ ПАЙДА БОЛДЫ

 Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған азаматтардың вакцинация паспорты пайда болды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.

Ол вакцинация паспорты «Спутник V» вакцинасының екі дозасын қазақстандықтарға қолжетімді екенін атап өтті.

«Егер сіз eGov mobile қолданушысы болсаңыз, телефонда қосымшасы болса, өзіңіздің жеке парақшаңызға кіріп, жеке мәліметтер, цифрлық құжаттар деген бөлімге өтесіз. Ол жерде вакцинация паспорты көрсетіледі. Сізге вакцина қашан және қай мекемеде салынғаны, мәліметті енгізген жауапты дәрігер туралы ақпарат болады. Бұл базада аталған механизм іске қосылып тұр», – деді Қиясов онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, электронды құжаттағы ақпарат әзірге тек қазақ және орыс тілдерінде. Министрлік мәліметтерді ағылшын тіліне де аударуды жоспарлап отыр.

«Бұл шешілетін мәселе, сол себепті, менің ойымша, жақын арада жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, қосымшаға кірген кезде, вакцинация паспортынан QR-кодты шығарып алу мүмкіндігі бар», – деді бас санитар дәрігер.

https://sputnik.kz/society/20210317/16564811/qazaqstandyqtar-vaktsina.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
337 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
357 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
336 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»