ЕКІ НАУҚАСТЫҢ БІРІ – РЕСЕЙДЕН, ЕКІНШІСІ – АТЫРАУДАН КЕЛГЕН
Батыс Қазақстан облысында тіркелген коронавирус инфекциясын жұқтырған екі науқастың бірі Ресейден, екіншісі Атырау облысынан келген. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуалы туралы жергілікті «Aqjaiyq» телеарнасына жедел эфирге шыққан облыстың бас дәрігері Болатбек Қаюпов мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясы анықталған екі науқас та БҚО тұрғындары. Қазіргі уақытта олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
БҚО мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, екі науқастың бірі 24 наурыз күні Ресейден келген. Шекарадан өткен күннен бастап үй жағдайында оқшауланған. Арада 4-5 күн өткенде аурудың алғашқы белгілері байқалып, ол алдымен провизорлық стационарға жатқызылған. Екінші азаматша Атырау облысынан келген. Қос пациенттің талдау сынамалары лабораториялық ПЦР-тест жүйесінен өткізіліп, коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған.
– Екі ошақтан да жақын қарым-қатынаста болған адамдардың тізімі анықталды. Олар провизорлық стационарға жатқызылды. Ал қашық қарым-қатынаста болғандар үйде оқшаулануда. Сондай-ақ эпидемиологтар жұмыс атқарып, үй-жайларында дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, – деді Мұхамғали Арыспаев.
Облыстың бас дәрігері Болатбек Қаюповтың мәліметінше, екі науқастың да жағдайы жақсы. Жалпы облысымыз бойынша қазіргі уақытта провизорлық және карантиндік стационарда 65 адам бақылауда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу