8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2020 1090 0
Өзек

ЕКІ АПТАДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН СЕГІЗ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҰСТАЛДЫ

Өткен екі аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі 80-нен астам тергеуді тіркеді. Сегіз  лауазымды тұлға ұсталды. Алты тұлғаға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлім етті. 

Тергеуші мәлім еткендей, Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты тергеуді бастады. Олар 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан жалпы сомасы 78 000 000 теңгеге медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы ЖШС-пен бұрын жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен ТМҚ қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін айтарлықтай мөлшерде пара түрінде жалпы сомасы 7 800 000 теңге алған. Мемлекеттік мекеме басшысы және оның сыбайласы ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласы ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Ал Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың 14 қазанында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ басшысының м.а. мен компания директорына қатысты Ақмыш шатқалы ескерткішін абаттандыруға бағытталған ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар мойындау түсініктемесін берді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Талдықорған өңірлік филиалының басшысына қатысты пара беруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2020 жылғы 26 қазанда оған мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 000 теңге сомасында пара беруге оқталу бойынша күдіктенеді. Тергеу жалғасуда.

Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар филиалдары бірінің басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Ол өзіне ведомстволық бағынысты бөлімшелердің басшыларынан жалпы сомасы 250 мың теңгеге ақша қаражатын заңсыз алуда күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы департаменті пара алу күдігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері бірінің лауазымды тұлғасын әшкереледі. Ол әскери қызметшілерді әртүрлі лауазымдарға тағайындау және ауыстыру туралы мәселені шешкені үшін бірнеше рет пара алу күдігіне ілінді. 21 қазанда ол ҚР ҚПК 128-бабының тәртібінде ұсталды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ басқармаларының бірі басшысының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.  Ол шарттары бұрын нақты орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде пара алу күдігіне ілінді.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алу арқылы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Осылайша мемлекетке 8 730 560 млн теңге сомаға залал келтірілді. Тергеу жалғасуда.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
59 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
136 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
361 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
846 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1224 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1133 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1583 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2198 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2363 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2371 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2421 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2426 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2048 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2906 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2960 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2954 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3567 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3535 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3526 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3501 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3661 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»