Egov.kz порталында кеңестерді видео арқылы алу мүмкіндігі жасалды
Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының операторлары бейнеқоңырау шалған қазақстандықтарға электрондық үкімет порталында видео арқылы кеңес бере алады. Egov.kz порталы экранындағы әрекетті бөлісу сервисін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары жасап шығарды.

Видео арқылы кеңес беруші маманның көмегін алу үшін пайдаланушы басты беттің оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассистент» түймесін басуы керек. Ашылған терезеде бейнекамера белгісін таңдау қажет. Жүйе пайдаланушыдан бейнекамера мен микрофонның қосылуына рұқсат сұрайды. Бірнеше секунд ішінде ХҚО операторы клиентпен байланысқа шығады. Экрандағы әрекетті көрсету үшін қызмет алушы «Экран демонстрациясы» түймесін, содан кейін «Бөлісу» батырмасын басуы керек.
Осылайша, ХҚО операторы абоненттің мониторын көре алады және оған egov.kz порталында кез келген қызметті, оның ішінде ЭЦҚ-ны қашықтан рәсімдеуге көмектесіп, мобильді азаматтар базасына тіркей алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, экранды «бөлісу» сервисі оператор мен клиенттің арасындағы байланысты айтарлықтай жеңілдетті, өйткені қызметтерді ұсыну процесінде 1414 телефоны арқылы кеңес беру тиімді болғанымен, қашанда ыңғайлы бола бермейді. «Бұрын біздің операторлар клиенттен қай сілтемені, қай бөлім мен қызметті ашқанын үнемі сұрап отыратын. Енді біз экранда болып жатқан барлық әрекетті көре аламыз және клиентті қандайда бір қызметті алу жолдары бойынша бірден бағыттай аламыз. Бұл сервис азаматтарымыздың цифрлық сауатын қашықтан арттыруға да мүмкіндік береді», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус инфекциясының таралу қауіпінің сақталуына байланысты, ХҚО арқылы тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді алуға болады. Egov.kz порталы арқылы қолжетімді қызметтерді үйден немесе әкімдіктерде, білім беру және медицина ұйымдарында т.с.с. жерлерде орналасатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алу керек. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша egov.kz порталындағы виртуалды ассистент кеңесшілері және 1414 бірыңғай байланыс орталығының мамандары көмектесе алады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамы электронды форматта қолжетімді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу