8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Маусым 2021 3840 0
Қоғам

«Е-ӨТІНІШ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

1 шілдеден бастап елімізде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енеді және азаматтардың мемлекеттік органдарға жазған арыз-өтініші «е-Өтініш» базасына енеді. Жаңа жүйе арқылы азаматтардың өтініштері мемлекеттік органдарға біртұтас ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына тірек болар құжат туралы 8 маусымда өңірге  жұмыс сапарымен арнайы келген ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы орган өкілдерімен және қоғам белсенділерімен болған кезесуде түсіндірді.

Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іргелі нормативтік құжаты. Осы құжатқа сай халықтың арыз-өтініші «е-Өтініш» базасына еніп, оның орындалу барысы осында жинақталады. Енді мемлекеттік орган өтінішті қараған кезде басқа органдар тарапынан қандай шешімдер қабылданғанын көре алады.

Қазіргі уақытта еліміздегі 10 мың мемлекеттік органға аталған база қойылған, оның ішінде облысымыздағы 2 мың мекеме орнатып үлгерді.  ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Т.Дүйсенова бастаған ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары  Б.Әбішев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы Ә.Қарсықбаев, ҚР Әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры А.Мұқанова  мемлекеттік қызмет органдарының жаңа кодексті жүзеге асыруға дайындығын, ақпараттық жүйенің орнатылуын қадағалады. Ал Достық үйінде болған кездесуде қоғам өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, жаңа жүйенің артықшылықтары туралы мәлімет берді.

– Өткен жылы Президент әкімшілігі тұрғындардан 32 мың арыз-өтініш қабылдады. Бірақ, ол азаматтардың ауыл әкімшілігінен бастап Президент әкімшілігіне дейін кімге арыз жазғаны, қандай жауап берілгені туралы ақпарарт жоқ. Себебі базамыз жоқ. Жаңа кодексте барлық арыздардың басын құрайтын бір ақпараттық жүйе түзу керектігі туралы мәселе қойылды. Оны ақпараттандыру министрлігі дайындады. Соған сәйкес енді барлық азаматтар арыз-шағым-өтініштерін «е-Өтініш» жүйесіне қалдырады. Бұл ауыл әкімдігіне түскен арызды жоғары органның көруіне мүмкіндік береді. Екіншіден, мәселен, осы өңірдің азаматы қала әкімдігіне, одан соң облыс әкіміне арыз жазып, олар дұрыс шешім қабылдағанымен, ол азамат соған қарамастан, Президент әкімшілігіне жазатын болса, осы база арқылы қарап, біз ол азаматқа «жергілікті әкім заң аясында шешкен, біз арызыңызды қарамаймыз» деп жауап бере аламыз немесе жергілікті әкімдіктер дұрыс шешпесе, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастырамыз. Осылай бақылауды орнатуға мүмкіндік болады, – деді Тамара Қасымқызы.

Қазіргі қолданыстағы жүйе бойынша арыз беруші мемлекеттік органда оның арызын кім қарап жатқанын, қай уақытта жауап келетінін білмей отырады. Жаңа кодекс бойынша ақпараттық жүйе арқылы әр азамат өз өтінішін кім қарап жатқанын біле алады. Осы орайда сол маманға хабарласып, қосымша мәліметтер бере алады немесе түсініктеме ала алады.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың арыз-өтініш иелеріне қайтарған жауабының дұрыс-бұрыстығы қажет болса, сотта қаралады. Тұрғындардың мәселесіне жүрдім-бардым қарап, әуре-сарсаңға салғандар жауапқа тартылады. Шағымдану кезінде шешімдердің немесе жауаптардың негізділігін мемлекеттік орган дәлелдейді. Бұл ретте жаңа әкімшілік соттар құрылады. Тамара Дүйсенованың айтуынша, азаматтар мен мемлекеттік органның арасындағы дау-дамайды шешуі үшін арнайы 21 әкімшілік сот ашылған.

– Енді бірде-бір азаматтың арыз-шағымы қайтарылмайды. Сот сол арыз-шағымды дұрыс жазуға көмектеседі. Екіншіден, соттың отырыстарына мемлекеттік орган қатыспаған жағдайда немесе жауапты мемлекеттік қызметкерге 20 АЕК-тан 50 АЕК-қа дейін айыппұл салынады. Яғни, азаматтардың арыз-шағымдарын қарауда мемлекеттік органдарды тәртіпке келтіреді. Сол сияқты арыз берген азаматқа дұрыс жауап берілгенімен, ол мемлекетік орган қызметкері үстінен қайта-қайта шағым түсірсе, оның да жауапкершілігі кодекске сай қаралады, – деп түсіндірді ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
147 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
199 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
481 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
491 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
619 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
920 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1011 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1039 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1250 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1516 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1745 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1783 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1931 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2129 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2352 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»