ЕҢ ТӨМЕНГІ ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ – 43 272 ТЕҢГЕ
ҚР 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңы негізінде Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 21.06.2013 жылғы №105-V Заңының 4-бабы, 4-тармақшасына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері 7 пайызға артты. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мамандары 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдерінің мөлшерінің арттырылуы туралы айтып берді.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ БҚО филиалының сарапшысы Динара Хайретдинова түсіндіріп өткендей, жыл басынан зейнетақы төмедерінің 7 пайызға артуымен ең төменгі зейнетақы мөлшері – 43 272 теңгені құрап отыр. Ал мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем – 18 524 теңге болды. Бұл мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы. Яғни, зейнетақы жүйесіне еңбек өтілі 10 жылдан кем немесе 10 жыл болған жағдайда осы төлем тағайындалады. Ең төменгі күн көріс деңгейінің 54 пайызы – 18 524 теңге. Еңбек өтілінің артуына байланысты коэффиценттерді 2 пайызға арттыру арқылы көбейіп отырады. Максималды 33 жылдық еңбек өтілі болса, ең төменгі күнкөріс деңгейі 100 пайыз тағайындалады, ол 34 302 теңгені құрайды.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшері – 2917.
Зейнетақы есептеуге арналған табыс мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 46 есе мөлшерімен есептеледі. Яғни 134 182 теңгемен шектеледі.
Бүгінде БҚО бойынша есепте тұрған зейнетақы алушылар саны – 91052 адам.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу