8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қазан 2020 3012 0
Қалалықтар қаперіне

ӘДІСТЕМЕЛІК ЛАЙФХАК: ЖАҢА ЗАМАН МҰҒАЛІМІНЕ АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫ ГАЙД

Жаңа оқу жылы басталысымен Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдердің цифрлы мәдениетін қолдауға және дамытуға бағытталған «Әдістемелік лайфхак: Цифрлы гайд» жобасы қолға алынды. Бір ай бойы жоба спикерлері  – Зияткерлік мектеп мұғалімдері өз әріптестеріне онлайн-платформалар, пайдалы веб-сайттар, лайфхактар мен ұтымды шешімдерді таныстырып, олардың сабақта тиімді қолданылуын көрсетті.

Бүгінгі күн оқытудағы өзгерістердің жеделдігін көрсетуде. Виртуалды сынып, мобильді оқыту, EdTech, электронды бағалау, жасанды интеллектті қолданатын интеллектуалды оқыту жүйелері – бұл терминдердің барлығы жаңа заман мұғаліміне таңсық емес. Цифрлы құралдар педагогтерд үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудың заманауи әдісіне айналып отыр.

Microsoft Teams алаңында «MIRO, PADLET, LINOIT виртуалды тақталарымен қызықты онлайн сабақ», «Оқытуда EDMODO платформасын қолдану мүмкіндіктері,  «SOCRATIVE қосымшасы көмегімен бағалау және кері байланыс әдістері» «MOZAIC EDUCATION арқылы 3D презентация дайындау» және тағы да басқа тақырыптық атаумен вебинарлар сериясы ұйымдастырылды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік Орталығы тренерлері жоба бойы спикерлерге кері байланыс беріп, пікірлерін айтып отырды.

«Әдістемелік лайфхак:Цифрлы гайд» жобасын іске асыру нәтижелері бойынша Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыс мұғалімдеріне арналған цифрлы форум ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

zhaikuni.kz

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»