ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ИМАМДАР МЕН ТЕОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ
Орал қаласында имамдар мен теолог мамандардың діни біліктілігін арттыруға арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда имамдар мен теологтардың рөлі» атты оқыту семинар өтті.

Басқосуды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен облыстық дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Орал орталық мешітінің бас имамының міндетін атқарушы Әлімхан Тұрлыбеков пен БҚО дін істері басқармасының басшысы Мақсат Аралбайұлы сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак египет ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин «Заманауи діни ағымдар және экстремизм», аталмыш университеттің исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Нұржан Жақсылықұлы «қазіргі таңдағы хадистану мәселелері», М. Өтемісов атындағы БҚМУ-нің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доценті Жаңабек Жаңабайұлы «Ұлттық сана» жайында дәріс оқып, кеңінен тоқталып түсіндірді.
Семинар соңында Ақжайық өңірінің имам-молдаларының сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруды, дін қызметкерлері арасындағы ауызбірлік пен ынтымақтастықты берік етіп ұстау қажеттігін атап өтті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу