8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Желтоқсан 2022 2098 0
Қоғам

Әділетті мемлекет

 

Желтоқсан айының 29-ы күні ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында «ХХI ғасырдағы техникалық білім: басымдықтар мен ізденістер» атты ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Батыс Қазақстан филиалының кеңейтілген жиналысы болып өтті.

Жиынды Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов ашып, шараның қонақтарымен таныстырды.

Алдымен сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, Қазақстанның жүз жаңа тұлғасы номинациясының иегері, Орал қаласының құрметті азаматы Ақсерік Әйтимов баяндама жасап, өзі басқаратын университеттегі жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыс жайында кеңінен тоқталды. Сондай-ақ экономика ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік университетінің және Хьюстон университетінің профессоры, құрметті академиялық ректоры Юрий Афонин, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің академиялық ректоры Ливиу Терентий, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев, техника ғылымдарының докторы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Сергей Кибальников жаңалықтарымен ой бөлісіп, пікір алмасты.

Сондай-ақ жиын соңында сөз алған БҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Арынов, «Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ төрағасы Амангелді Давлетжанов барлық жиынға қатысушыларды келе жатырған Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, аталмыш университеттің ұстаздарына наградалар мен медальдар табыс етті.

Гүлжан Серікқызы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»