8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2019 1528 0
Қоғам

ӘДІЛЕТ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЕКІ ЕСЕГЕ КӨБЕЙГЕН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның БҚО департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын белсендіруде.
Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар негізінен кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту арқылы салдарымен күресуге бағытталған болса, қазір мемлекет пен қоғамның күшін біріктіру арқылы алдын алуға басымдық берілуде. Алдын алу шараларының бірі – құқық бұзушылық тәуекелін тудыратын жағдайлар мен себептерді жою және оның еңбек ұжымында қаралуын ұсынуды мемлекеттік мекеме-ұйымдарға енгізу. Осы орайда, яғни аяқталған істер бойынша ұсынымдарды қарау аясында 29 наурыз күні БҚО Әділет департаменті қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шарада Әділет органы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлықпен күресі туралы мәлімет берілді.

 

Әділет министрлігі – мемлекеттің барлық құқықтық аспектілері тәуелді болатын маңызды мемлекеттік орган. Министрлік пен оның аумақтық бөлімшелерінде нотариат, адвокаттық, сот актілерін орындау, бағалау қызметі секілді маңызды салаларды лицензиялауға байланысты айтарлықтай өкілеттілік бар. Әділет органы қызметкерлері халықтың құқықтық мәдениетін көтеру бағытында алдыңғы сапта тұрады десек артық айтқандық емес. Дегенмен, өткен жылы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде осы саладағы 25 лауазымды тұлғаға қатысты 45 сыбайлас жемқорлық кылмысы тіркелген. Бүгінде олардың тоғызы сотталған. Саладағы қозғалған қылмыстық істер санының артуы алаңдаушылық тудырады. БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті тергеу басқармасының басшысы А.Абакаровтың айтуынша, 2017 жылы бұл салада 21 қылмыс орын алған. 2018 жылы бұл көрсеткіш екі есеге артып отыр. Қылмыстардың басым көбі Қостанай облысында. Бұл өңірде Әділет саласы бойынша 22 сыбайлас жемқорлық фактісі  тіркелген. Одан кейін Атырау мен Түркістан облыстарында 7 фактіден орын алған. Батыс Қазақстанда 1 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды.


– Саладағы жемқорлық қылмыстарының басым бөлігін сот орындаушылары мен орта деңгейдегі басшылар жасаған. Құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшылары да жемқорлыққа жол бергені анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, пара алу, сеніп берілген мүлікті жою, лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану сынды қылмыстар жиі тіркеледі. Мәселен, былтыр БҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Кұсдәулетовтың кылмысы әшкереленген еді. Ол өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, 2017 жылдың мамырынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін қызметкерлеріне түсірілген сыйақыларынан ақша жинап отырған. Жалы 3.5 млн.теңге жинағаны есептелді. Сот шешімімен Құсдәулетов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан әрі қызметкерлерге сыйақы бөлу және беруде заң бұзушылық орын алмауын, қылмыстың жасалуын туындататын жағдайды жою жұмыстары бойынша басшылық тарапынан бақылау күшейтілуі керек. Сонымен қатар қандайда шығындар үшін қызметкерлерден ақша жинау тыйылуы тиіс. Бақылаудан бөлек сыбайлас жемқорлық мүмкіндігін туындататын жағдайларды жою маңызды. Бұл бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізу, – деді Ахмет Абакаров.

Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысушыларды адалдыққа, азаматтар мен мемлекет үшін қызмет етуге үндеп, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға шақырды.
БҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Агилманова сыбайлас жемқорлық мүмкіндігін тудыратын жағдайларды жою мақсатындағы шаралар кешенімен таныстырды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
86 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
150 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
385 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
867 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1245 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1146 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1604 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2220 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2385 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2392 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2443 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2448 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2061 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2927 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2981 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2975 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3588 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3556 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3547 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3523 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3683 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»