8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қазан 2019 3684 0
Қоғам

ӘДІЛДІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ

Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан һәм зор есерліктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер. (Нахл 90)

Әділдік– әр нәрсені теңдестіріп ұстау, хаққысын беру, бір істі орын-орнымен орындау, ақиқат жолынды нық тұру дегенді білдіретін адам бойындағы көркем мінез. Қатыгездік, опасыздық және жамандық деген сөздердің антонимі болып табылады.

Алла Тағала қияметте осы Әділдік сипатымен адамдардың арасындағы ақысын алып береді. Тіпті мүйізді қошқар мүйізсіз қошқарды сүзгені үшін ақысын өтетеді. Сол үшін де қиямет күні Алла Тағала былайша сипаттайды: «Қиямет күні, туралық таразысын қоямыз . Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз.» (Әнбия сүресі, 47)

Алла Тағаланың әділдігі турасында Құран Кәрімде 300 аят кездеседі екен. Ал Пайғамбарымыздың өсиеттерінде әділдік турасында не айтылған, Алла Елшісінің өзі әділдік мінезін қалайша үлгі етіп көрсете білді, әділдік сипаты мұсылман адамның өмірінде қаншалықты маңызды екенін байқап көрейік.

Пайғамбарымыз 35 жасында  Араб жеріндегі әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты Кағбаның іргелері құлап, ескіріп қалғандықтан, Меккедегі мансапты рулардың келісімімен Қағба жөнделетін болып шешіледі. Қағба ойдағыдай жөнделіп болған соң, Хажәрул Әсуатты орнына қою кезінде рулар арасында талас пайда болады. Әр ру өздерінің мансаптарына сүйеніп, қасиетті тасты орнына апарып қоюға өздерін лайықты деп алға тартады. Бұл жанжалдың шегі болмайтынына көзі жеткен олар араларында «Мұхаммедул Әмин» аталып кеткен Мұхаммедке төрелік етуіне келіседі. Сол кезде Алла Елшісі ортаға бір төсеніш қойып, әр рудың бір-бір ақсақалдарына ұстатып, Хажәрул Әсуатты апарып, кейін өз қолымен орнына қойған болатын. Бұл Алла елшісінің әділдігінің бір ғана көрінісі. Кейін Пайғамбарлық келген соң сол әділдігінің арқасында сахабалар жанында жиналып, әділдік сәулесімен шуақтандырған.

Ал әділдіктің өлшемі қандай екенін мына хадистерден аңғаруға болады: «Пайғамбарымыз заманында Бани Махзум тайпасының бір әйелі ұрлық жасаған болатын. Алайда бұл тайпа беделді рулардың ішінен шыққандықтан сахабалар Алла Елшісінен кешіруді өтінеді. Сонда Алла Елшісі: Мұхаммедтің жаны қолында болған Алланың атымен ант етейін, тіпті Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса да қолын кесіп, жазасын берер едім», деген болатын (Бухари, Муслим). Тағы бір хадисте: «Әлсіздер өз хақыларын күштілерден қорықпай алмайынша, ол елдің қадір-қасиеті болмайды», дейді (Ибн Мажа). Әбі Сайд р.а жеткен хадисте: Бірде Алла Елшісіне бір бәдәуи қарызын сұрап келіп, дөрекілік көрсетіп дереу қарызымды төле дейді. Сонда сахабалар: Сен кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесін бе? – деп ашуланған кезде, Алла Елшісі:«Сендер қайта ақысын талап етушіні жақтау керексіздер ғой», – деп әділдікке үйреткен болатын. Джабир ибн Абдулладан жеткен хадисте: «Алла Елшісі бір ғазауаттан соң олжаларды бөлу кезінде, бір адам: «Я Мұхаммед әділ бол, өйткені әділдік жасап жатқан жоқсың, – деген болатын, Сонда, Алла Елшісі: Егер мен әділ болмасам, менен әділ кім болмақ?»– деді.

Жалпы ислам дінінде әділдіктің үш өлшемі бар: Алланың құзырында әділ болу, өзіңе әділ болу, өзгеге әділ болу. Яғни, біріншісі тек Аллаға ғана құлшылық жасап, дұға қылу. Бұйырғанын орындап, тыйған амалдардан тыйылу. Алланың берген ризығына разы болып, сынақтарға сабыр ету. Екіншісі, Раббымыздың берген денсаулығына, дене болған аманатына қиянат жасамау. Ар-ожданды қорғау. Үшіншісі, тілмен, қолмен өзгеге зиян тигізбеу, біреудің ақысын жемеу. Осы аталған үш әділдікті берік ұстаған адам Алланың разылығына жетіп, өмірде де, ақыретте де бақытқа кенеледі.Сол үшін де Алла Елшісі: «Қиямет күнінде әділ болғандарды Алла тағала нұрдан жасалған таққа отырғызады», – деген.

Алла Елшісінің әділдігін қарап отырып, ғалымдар әділдік етуде мына теңеулер кірмейтінін айтқан:

  1. Махаббат пен кек араластырылмайды.
  2. Туыстық қарым қатынас ескерілмейді.
  3. Бай-кедей, күшті-әлсіз болып бөлінбейді.

Алла Елшісі өмірінің соңында қажылық жасап, Арафат тауына шығып, соңғы өсиетін айтқан болатын. Жүз жиырма мың сахаба тыңдаған бұл құтпада қиямет күнге дейін барша мұсылмандарға қажетті насихаттар еді. Ол насихаттар ішінде әділдік маңыздылығын және барлық адам теңдігін сақтау турасында мына үкімдер айтылды:

1) Жан, мал-мүлік және ар-намыс қасиетті, әр түрлі зорлық-зомбылықтан қорғалған.

2) Аманат иесіне берілуі керек.

3) Ер кісілер әйелдердің құқығын қорғайды, әйелдер де ер кісілердің құқығына құрмет көрсетеді. Әйел де, ер де зинадан бойын аулақ ұстауы керек.

4) Қызметшілерге жақсы қарау керек.

Осындай Алла Елшісінің өсиеттерінен шығаратын шешім, шынайы мұсылман адам мемлекет басқаруда, төрелік еткен кезде, адаммен қарым-қатынаста, отбасында, ерлі-зайыптылар арасында, бала-шаға тәрбиесінде, ата-ана құрметтеуде, жұмысшы мен басшы болған жағдайда, куәлік еткенде, көршілік қатынаста, мұрагерлік жағдайда және имам мен жамағат арасында әділдік ету парыз екен.

Демек, Ислам діні адамды тек қана туралыққа тәрбиелейтін дін екенін бір ғана әділдік қағидаттарынан біле аламыз. Алла Тағала  барлық жағдайда да әділ болуды нәсіп етсін!!!

 Наурыз  ҰБАЕВ,  БҚО Орал қаласы Тәжиден Батырұлы  атындағы  мешіттің наиб имамы, теолог

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
76 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
146 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
377 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
860 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1238 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1142 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1597 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2213 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2378 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2385 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2436 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2440 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2057 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2920 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2974 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2968 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3581 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3549 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3540 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3516 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3676 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»