8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2020 1453 0
Өзек

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ 15 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің «Aqjaiyq» телеарнасындағы баспасөз алаңында  өткен брифингте айтылды. 

 


Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдың мәліметінше, қаланы күнделікті залалсыздандыру жұмыстарына коммуналдық мекемелер жұмысшылары, төтеншеліктер, жеке дезинфекциялау кәсіпорындары жұмылдырылуда. Қаланың магистралды көшелері дезинфекциялануда.
Аталған жұмыстарға төтенше жағдайлар департаментінен 60 сарбаз бен үш арнайы техника, «Жайық таза қала» мекемесінен бес су шашу техникасы мен 20 жеке құрам бөлінеді. Күні бүгін ТЖ департаментінің күшімен Еуразия, Назарбаев даңғылдары, Құрманғазы, Мұхит, Сарайшық көшелеріне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Одан әрі жұмыс бригадалары Әбілқайыр хан даңғылы, Сырым Датов және Гагарин көшелерінде осы шараларды жалғастыруда. Сонымен қатар қаладағы 600-ге жуық қоқыс алаңдарында да дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қалаішілік желідегі 400-дей автобус пен автобус парктерінің де тазалығы – күнделікті басты назарда.
107 пәтер иелері кооперативінің 76-сы дезинфекциялау жұмыстарына кірісіп кетті. Нәтижесінде 712 мың шаршы метр аумақ залалсыздандырылды. Сондай-ақ облыс орталығындағы демалыс саябақтарда төтенше жағдай кезінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілмек.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»