ДЕПУТАТ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
№13 сайлау округінен сайланған Орал қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Әжмағамбет көпбалалы аналарды 8 наурыз – нәзік жандардың мерекесімен құттықтап, үйлеріне арнайы барды.
Депутат аналардың құшағын әдемі гүлге толтырып, сый-сияпатын көрсетті. Сондай-ақ депутат барлық кәсіпкерлер мен меценаттарды көпбалалы, жалғызбасты аналардың жағдайына үңіліп, мәселелерін шешуге атсалысуға шақырды. – Әйел-аналардың мәселесіне бейжай қарауға болмайды. Өйткені аналар болашақ ұрпағымызды тәрбиелеп отыр. Сондықтан мүмкіндігінше оларға ақшалай, заттай материалдық қолдау көрсетіп, демеуіміз қажет, – дейді халық қалаулысы.
Версия для печати
Пікір үстеу