Әдеп төрағасы БҚУ-ға келді
Жақында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мұрат Байсаловпен кездесу өтті.
Кездесуге арқалы білім ордасының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректорының міндетін атқарушы, география ғылымдарынң кандидаты, профессор Қажымұрат Ахмеденов қатысты. 3-4 курс студенттері мемлекетік қызметтің мүмкіндіктері мен шектеулері туралы етене танысты. Мұрат Сейілбекұлы студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап беріп, қалай конкурстық іріктеусіз жұмысқа орналасуға болатынын, резерв, ауылдық квота жайында және мемлекеттік қызметте жүріп басқа кәсіппен айналысуға болмайтынын түсіндірді.
– Мемлекеттік қызметкерлер үшін қазақ тілін меңгеру деңгейі енгізілді. Міндетті түрде орташа деңгейден жоғары болуы керек, – деп Мұрат Байсалов атап өтті. Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметке орналасу бәсекелестігі төмен екенін, студенттердің алыс аймақтарға бармай-ақ өңірімізде жұмыс істеуге мүмкіндік мол екенін мәлім етті.
Талапты жастар мемлекеттік қызметші туралы түсінік қалыптастырып, білікті маманнан тағылымы мол кеңес алды.
Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Пікір үстеу