«ДЕНСАУЛЫҚ» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Ет комбинаты шағынауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында «Денсаулық» саябағы ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Мұқаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев, еңбек ардагерлері, медициналық ұйым басшылары қатысып, тұрғындардың қуанышын бірге бөлісті.

Орал қаласында алғашқы денсаулық саябағы ашылды. Өңірде тұрғындар денсаулығын сақтау, олардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатынан туындаған игі шараға өңір басшысы бастамашы болып, денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан белсенді қолдау тапқан болатын. Енді міне, облыс орталығындағы гектар алаңда орналасқан бірегей мәдениет және демалыс орталығы көпшілікке қақпасын айқара ашты.
- Дәрігерлердің тек күнделікті медицина мәселелерімен ғана айналыспай, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық нысандарды құра отырып, тұрғындар денсаулығын нығайтуға, олардың ұзақ өмір сүруге құлшынысын арттыруға қосқан бұл үлесі – өзгелерге үлгі, өнеге, - деген қала басшысы Мұрат Рахметұлы жиналғандарды қала күні мерекесімен құттықтап, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Төсекбаевқа, «Туған жерге туың тік» қоғамдық қорының директоры М.Дусеевке, БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы З.Молдағалиевке алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ аз уақыт ішінде сапалы жұмыстар атқарғаны үшін «Эльназ» ЖК басшысы Б.Мұратов, «Митюшов» ЖК директоры М.Митюшов, «Women art Дизайн» ЖК басшысы Р.Алексеева марапатталды.
Салтанатты шара соңы Жоғары медициналық колледжі студенттерінің, «Рухани жаңғыру» флешмобы мен «Target» фитнес-клубы жаттықтырушыларының кешенді жаттығуларына жалғасты. Бұл күні жаңартылған саябақта медициналық қызметкерлер тегін қызметтер ұсынды. Тұрғындардың бірі қан қысымын өлшетсе, енді бірі СПИД-ке қарсы сараптама тапсырды, бірі дене салмағын өлшетіп, өздерін мазалаған сұрақтар бойынша дәрігерлердің кеңесіне жүгінді. Сондай-ақ БҚО бойынша Ұлттық оқу-клиникалық орталығы мамандары көмектерін ұсынса, кішкентайлар сурет салудан сайысқа түсіп, түрлі спорттық шараларға қатысты.
Айта кету керек, саябақты абаттандыру өңірдегі медициналық ұйымдардың қаржылай қолдауымен жүзеге асқан болатын. Ағымдағы жылдың шілде айында «Туған жерге туың тік» қоғамдық қоры облыс, қала басшылығының, депутаттардың, облыстық денсаулық сақтауц басқармасының қолдауымен, медициналық ұйымдар басшылығының бастамасымен саябақты абаттандыру жұмысын бастаған болатын. Саябаққа төсемтастар төселіп, жарықшамдар, шағын архитектуралық үлгілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері қондырылып, балалар ойын алаңқайы, воркоутпен айналысатын алаңқай жабдықталған. Саябақ іші көгалдандырылып, қақ ортасына «Өмір ағашы» символы орнатылған.
Болашақта саябақта ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияны жөнінде ақпараттар таратылып және белсенді, салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралар өтетін болады деп күтілуде.
«Денсаулық» саябағы қалалықтардың, медицина саласынына еңбегі сіңген жандар демалатын орнына айналып, мұнда жасыл желектер отырғызылатын болады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа
Теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Кіру
Пікір үстеу